ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тұңғыш Президент және Елбасы күніне арналған іс-шараларға қатысу
26-11-2021 12:01
Тұңғыш Президент және Елбасы күніне арналған іс-шараларға қатысу

Қазақстанның Тәуелсіздік  және  Тұңғыш Президент-Елбасы күніне  арналған іс-шаралар жоспары аясында  Павлодар қаласының білім беру бөлімінің ұйымдарында сынып сағаттары, ашық сабақтар, онкүндіктер, викториналар, оқулар, конкурстар, кездесулер, көрмелер, челлендждер өткізіледі. Іс-шараларға   қаланың 1 - 11 сыныптарының 40 мыңнан астам балалары қатысады. 10 - 25 қараша аралығында жалпы білім беретін мектептердің 1 - 11 сынып оқушылары арасында «Тұңғыш Президенттің сүйікті әндері» патриоттық челленджі өтуде. Онлайн режимінде қатысушылар «Туған өлке, Отан туралы әндер», «Тұңғыш Президенттің сүйікті әндері» тақырыптарында музыкалық нөмір ұсынады. «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту  орталығымен 30 қарашада  Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы қаланың жалпы білім беретін мектептерінің президенттерімен кездесу өткізеді.

Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің тәрбиеленушілері 30 қарашада Тұңғыш Президент - Елбасы күніне арналған жұмыстар көрмесін ұсынады. 29 қарашада облыстық мұражайда көрме, 3 желтоқсан күні «Батырмол» сауда орталығында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған көркемсурет мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстарының «Менің Елім» көрмесі ұсынылады. 24 - 30 қарашада «Алтын ғасыр» тақырыбындағы өлеңдер челленджіне мектепке дейінгі мекемелер мен қала мектептерінің 5 мыңнан астам жас оқырмандары қатысады. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде 2021 жылғы 22 - 25 қарашада ұлттық ойын түрлері бойынша қалалық фестиваль өткізілді - «Асық ату», «Бес асық», «Ләңгі», «Білектесу», «Арқан тарту», «Белдесу», жалпы білім беретін мектептердің 7 - 8 сыныптарының 1500-ден астам оқушылары қатысты. 8 желтоқсанда финалдық турнир өтеді.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 30 қарашада Педагогикалық еңбек ардагерлерінің, қоғамдық қызметкерлердің қатысуымен қаланың жалпы білім беретін мектептерінде 5 - 8 сыныптардың 3000-ға жуық оқушының  қамтылуымен  «Жас Ұлан» қатарына салтанатты қабылдау өтеді.

8 желтоқсанда «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубында «Тәуелсіздік - тірегім» атты ақындар сайысы, қала педагогтары арасында «Қазақстан - жүрегім» байқауы өтеді.

«Шаг навстречу» жобасы аясында 9 желтоқсанда «Поколение NEXT» концерті өтеді. Концертке Павлодар музыка мектебінің жас педагогтары мен түлектері, қазіргі музыкалық колледж студенттері қатысады. Олардың орындауында қазақстандық музыкалық өнер классиктерінің туындылары заманауи өңдеуде шырқалады, сахнада заманауи орындаушылардың каверлері, джаз және рэп композициялары орындалады.