Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалардың облыстық кезеңінің қорытындысы
29-11-2021 17:28
Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалардың облыстық кезеңінің қорытындысы

8 - 11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер  бойынша республикалық  ғылыми  жобалар   байқауының  облыстық кезеңінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 82 оқушысы, байқаудың  облыстық іріктеу кезеңінен өткен  жеңімпаздар қатысты. Олар 16 секция бойынша 81 жоба ұсынды: физика, техника, математика, информатика, химия, биология, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы, тарих, адам және қоғам, өлкетану, әдебиет (қазақ, орыс), этномәдениеттану және тіл білімі (қазақ, орыс, ағылшын). Байқау 2021 жылғы 22 - 26 қарашада қашықтықтан өтті.

         Байқау қорытындысы бойынша Павлодар  қаласы мектептерінің 34 жобасымен 35 қатысушы 12 секция бойынша жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде 4 жобамен 4 оқушы І дәрежелі дипломмен, 6 жобамен 6 оқушы ІІ дәрежелі дипломмен, 24 жобамен 25 оқушы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

         «Адам және қоғам» секциясында I орынды № 37 ЖОМ 10 сынып оқушысы Нұрболат Аружан иеленді. Өз жобасында ол жетімдердің әлеуметтік мәселелерін және оларды шешу жолдарын зерттеді. Ол ерікті және сәбилер үйі мен балалар үйлеріне барады.

         Информатика секциясы бойынша «Мектептің wed - порталында білім беру қызметтерін автомотизациялау» жобасы бойынша I орынды № 34 ЖОМ оқушысы Юревич Семен иеленді. Өз жұмысында білім беру саласындағы цифрландыру ерекше рөл атқарады.

         Орыс әдебиеті секциясында «Н. В. Гогольдің «Тарас Булба» повесіндегі көркемдік концепт ретінде» жобасы үшін № 29 мектеп оқушысы Яковец Анастасия І орын алды. Жұмыста ұсынылған материалдың практикалық маңыздылығы оны көркем мәтінді зерттеу үшін арнайы курстарда, «от» тұжырымдамасы вербализацияланған кілт сөздердің мағынасын талдауда қолдануға болатындығына байланысты.

         «Павлодар облысының  тарихи-мәдени туристік аймақтары» жобасы өлкетану бойынша секциясында I орынды № 32 НОМ 8 сынып оқушысы Мұратова Камила иеленді. Ол өз жұмысын тарихи-мәдени туризмді зерттеудің рөліне, аймақтың дамуына мәдени туризмнің әсер етуіне арнады. «Павлодар облысы мұражайларының каталогтары», «Ежелгі қала» рефералдық жобаларын әзірлеуге белсенді қатысты.

         Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталады. Жобаларды қорғау бойынша облыстық кезеңде жүлделі орындарға ие болған 9 - 11 сынып оқушылары 2021 жылғы 14 - 15 желтоқсанда  жалпы  білім  беретін пәндер бойынша тестілеуге қатысады.