ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық 40 мыңнан астам оқушы қазақ тілінен бүкілқазақстандық диктантқа қатысуда
02-12-2021 11:18
Павлодарлық 40 мыңнан астам оқушы қазақ тілінен бүкілқазақстандық диктантқа қатысуда

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен тіл саясаты комитеті 2021 жылғы 29 қараша - 3 желтоқсан аралығында республикамызда 2 - 11 сынып оқушыларының қатысуымен қазақ тілінен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» атты жалпықазақстандық диктант өткізеді. Мақсаты - білім алушылардың сауаттылық деңгейін дамыту және мемлекеттік тілді білу, мемлекеттік тілдің қолдану өрісін кеңейту, қазақ тілін үйрену арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру.

«Отан», «Тәуелсіз Қазақстан», «Менің Отаным Қазақстан», «Тәуелсіздіктің құрдастары» тақырыптарында өткен диктантқа 29 қарашасынан бастап Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 40 мыңнан астам 2 - 11 сынып оқушыларының қатысты. Диктантты өткізу шарттары бойынша білімді бағалау жүзеге асырылмайды. Диктант өткізу кезінде оқушылардың жасы мен оқыту тілі ескерілді. Осылайша, орыс тілінде оқитын 2 сынып оқушылары 15 сөзден тұратын сөздік диктант жазды, 3 - 4 сынып оқушылары үшін диктант 31 - 44 сөзден тұрды, 5 - 9 сынып оқушылары үшін - 53 - тен 101 сөзге дейін, 10 - 11 сынып оқушылары 129 - 154 сөзден тұратын диктант жазды.

Диктантқа қатысу арқылы оқушылар Отанға деген көзқарасын, мемлекеттік тілді білу мен үйрену, елдегі қоғамдық келісімді нығайту және Қазақстан халқының бірлігі үшін өз пікірлерін білдірді. Өйткені, Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында өз болашағын елімізбен байланыстыратын әрбір азамат мемлекеттік тілді үйренуге бар күш-жігерін салуы тиіс екенін атап өтті.