ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туған өлкенің жас зерттеушілері
02-12-2021 14:54
Туған өлкенің жас зерттеушілері

2021 жылғы  22 - 26 қараша күндері  аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Менің Отаным - Қазақстан» қашықтан оқушылардың XXI-ші аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясына жалпы орта білім бері мектептері мен қосымша білім беру мекемелері 2 - 11 сыныптарының 154 оқушылары қатысты. Конференция Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы бірлесіп ұйымдастырылды.

5 күн ішінде «Экология және біз», «Зерттеу жұмысы», «Өз өлкеңді танып біл», «Мұражай - тарих бесігі», «Ғылымға бастапқы қадам» секциялар бойынша жобаларды қорғау жүзеге асырылды. Қазылар алқасының құрамында Павлодар педагогикалық университетінің, Павлодар технологиялық колледжінің оқытушылары, Павлодар облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бөлімінің мамандары, М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскерлері жұмыс жасады.

 Конференцияға білім беру ұйымдарының оқушылыры белсенді қатысты: Б. Момышұлы атындағы мектебі, №  9, 17, 19, 21, 24, 26, 29,32, 33, 34, 35,  37, 39, 43, № 20 лицей, балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы. Конференция қорытындысы бойынша 43 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде 27 қатысушы Павлодар қаласының білім беру мектептері оқушылары мен қосымша білім беру тәрбиеленушілері.

 «Экология және біз» секциясында І орынды  «Производство топливных брикетов из листьев» жобасымен Дукач Ольга, Кузьменко Анжелика, № 29 ЖОМ 9 сынып оқушылары иеленді, ІІІ орынды  «Топырақтың ластануы және қоршаған ортаға әсері» жобасымен Құрмашева Гүлнұр, № 19 ЖОМ  9 сынып оқушысы, «Кішкентай батарейканың үлкен зияны» жобасымен Қайырбек Аяжан,  № 33 ЖОМ 4 сынып оқушысы иеленді.

 «Зерттеу жұмысы» секциясында І орынды «Минеральные богатства Павлодарской области» жобасымен Реснянский Елисей, № 43  ЖОМ 6 сынып оқушысы, «Изготовление цветочных горшков из вторичного сырья» жобасымен Жолдаспаева Айман, № 29 ЖОМ 5 сынып оқушысы, ІІ орынды «Мәшһүр Жүсіп шығармашылығындағы Мұса Шорманов бейнесі» жобасымен № 19 ЖОМ 9 сынып оқушысы Қаиргелді Ерасыл иеленді, ІІІ орынды «Фикси опыты с водой» жобасымен Кривошлыков Артем,  № 17 ЖОМ 3 сынып оқушысы, «Из истории повседневной жизни города Павлодара и Павлодарской области в годы перестройки» жобасымен Альбеков Арсен, № 9 гимназия-мектебінің 7 сынып оқушысы иеленді.

«Өз өлкеңді танып біл» секциясында ІІІ орынды «Гусинный перелет: вчера, сегодня, завтра. Перспективы памятника природы 3D» жобасымен Султанбеков Бекзат, № 9 гимназия-мектебінің 10 сынып оқушысы, «Туристский экскурсионный маршрут по мавзолеям Баянаульского района» жобасымен Готфрид Артур № 17 ЖОМ 10 сынып оқушысы иеленді.

«Мұражай - тарих бесігі» секциясында I орынды «Мектеп мұражайы - патриоттық тәрбие негізі» жобасымен Бопышева Диляра Б. Момышұлы атындағы ЖОМ 6 сынып оқушысы, «История героя в памяти семьи» жобасымен Суворова Екатерина № 43 ЖОМ 8 сынып оқушысы иеленді, ІІ орынды «Деятельность школьного музея имени Павла Васильева» жобасымен Сагынбаева Малика, № 9 гимназия-мектебінің 8 сынып оқушысы иеленді.

«Ғылымғы бастапқы қадам» секциясында I орынды «Сладкая профессия» жобасымен Ягала Глеб, № 30 ЖОМ 2 сынып оқушысы, «Мой край и его обитатели» жобасымен Игнатченкова Анастасия, № 6 ЖОМ 7 сынып оқушысы,  «Экологическая тропа» жобасымен Колчина Светлана, Кенжекөл ЖОМ 9 сынып оқушысы иеленді, ІІ орынды «Тайна гжельской росписи» жобасымен Моторина Диана, № 30 ЖОМ 2 сынып оқушысы, «Калифорнийские черви и их влияние на плодородие почвы» жобасымен Уалиева Алина, Храмцова Екатерина, № 28 ЖОМ 4 сынып оқушылары, «Канал имени Каныша Сатпаева» жобасымен Султанбеков Бекзат № 9 гимназия-мектебінің 10 сынып оқушысы иеленді, ІІІ орынды «Выдающийся политический деятель XVIII века» жобасымен Михайлова Марлен, Какухина Карина, № 30 ЖОМ 4 сынып оқушылары, «Теренкөл ауданы бойынша маршрут» жобасымен Хамитова Ханшайым, «Соленное озеро Тұзқала» жобасымен Степанова Елена, Кенжекөл ЖОМ 9 сынып оқушысы иеленді.

Конференция қорытындысы бойынша орын алған оқушылар мен қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері грамоталармен, жетекшілері облыстық білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.