ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық патриоттық әндер сайысының бас жүлдесі
03-12-2021 15:18
Қалалық патриоттық әндер сайысының бас жүлдесі

  Павлодар қаласы тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен  2021 жылғы 1 желтоқсанда Естай атындағы қалалық Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы күніне орай және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қалалық патриоттық әндер сайысының ақтық мәресі өткізілді. Аталған сайыс екі кезеңнен тұрды.

   Айналымның 1-ші кезеңінде жас мөлшері 16 - 30 аралығындағы 19 үміткер қатысып, қазылар алқасының шешімімен 7 жас орындаушы ақтық мәреге өткен болатын.

   Ақтық кезеңнің қорытындысы бойынша бас жүлдені Павлодар қаласы М. Әлімбаев атындағы ЖОМ басшының орынбасары,  мектептің музыкалық жетекшісі Оразбек Бақаткан иеленіп, арнайы дипломмен және 50000 мың теңгелік сертификатпен марапатталды.

   - Сайыс барысында мен «Елім менің аңсаған» әнін орындадым, бұл әннің сөзін Н.Ә. Назарбаев, ал әнін Б. Тлеухан жазған, екінші орындаған әннің авторы И. Ескендір, сөзін Ы. Олжайұлы жазған «Аманат» әні болатын. Мұндай іс шаралар оқушылар бойындағы патриоттық сезімді оятып, Отанға деген сүйіспеншілікті арттырады. Өз басым осында атаулы іс шараға қатысқаныма өте қуаныштымын, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай, - деді Оразбек.

   Жас орындаушы аталған мектепте бірінші жыл еңбек етіп жатыр. Осы аралықта мектеп аясында хор және вокал үйірмелері ашылып, 1-11 сынып аралығындағы 100 астам оқушы қамтылған. 2019 жылы облыстық «Ертс дарыны» премиясының лауреаты, облыстық «Дарынды ұстаз – дарынды балаларға» сайысының және «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Ең үздік оқырман – 2019» номинациясы бойынша жүлдегер атанды.

   2020 жылы мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Алғыс хатымен, 2021 жылы «Нұр Отан» партиясының Алғыс хатымен марапатталды.

   Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Өнерімді саған арнаймын, Тәуелсіз елім!» атты сайысқа қатысқаны үшін Павлодар облысы Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподақ ұйымының Алғыс хатымен марапатталған.