ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар ядролық жарылыстарсыз әлем үшін
06-12-2021 09:57
Павлодарлық оқушылар ядролық жарылыстарсыз әлем үшін

      2021 жылдың 21 қарашасынан бастап Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 100-ден астам оқушысы Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ядролық жарылыстарсыз әлем» қалалық артчелленджіне қатысты. Мақсаты - ядролық сынақтардың, жарылыстардың және олардың салдарларының қауіптілігі, бейбіт уақыттың құндылығы, адамдар мен мемлекеттер арасындағы достық қатынастар туралы түсінікті қалыптастыру. Ұйымдастырушысы - Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубы.

       Челлендж шарттары бойынша қатысушылар суреттер ұсынып, ядролық соғыстардың қауіптілігі және олардың салдарлары, «Невада-Семей»  антиядролық қозғалысы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы ядролық жарылыстарсыз бейбіт өмір туралы балалар көзқарастарымен 1 минуттық бейнежазба жазып және оларды #мирбезядерныхвзрывовPVL#Qazaqstan30 хэштегтерімен өз парақшаларына немесе мектептер парақшаларына салуы қажет.

        Жұмыстар түрлі техникада орындалды - акварель, гуашь, түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер, гельді қаламдар, пастель, аралас техника. Артчелленджге № 33, 34, 26, 14, 11, 25, 19, 43, 11, 28, 14, 18 ЖОМ, М. Әуезов атындағы мектеп оқушылары белсене қатысты. Олардың жұмыстары мен сөйлеген сөздерінен оқушылар Қазақстандағы ядролық жарылыстардың тарихын зерделейтінін, жарылыстардың салдарынан зардап шеккен ересектер мен балалар үшін ядролық сынақтардың зияны туралы, адамзат үшін ядролық шақырулардың қауіптілігі және ғаламшардағы бейбітшілікті сақтаудың маңыздылығы туралы білетіндерін көруге болады. Сонымен, № 18 ЖОМ 1 сынып оқушылары Таир Аюпов: «Семейдегі ядролық жарылыстар туралы білуден қорқамын» дейді, ал Дамиль Жукевич өлеңдерімен олардың салдарын жеткізді: "Бір секундта – әлем жоғалды, бір секундта - сен де жоқсың!». № 28, 14 ЖОМ оқушылары ядролық жарылыстардың балалар денсаулығына кері әсерін тигізгені және олар үшін «Самал» оңалту орталығы құрылғаны туралы білді.

       - Біз бейбіт аспанды сақтауымыз керек, біз ядролық жарылыстарға қарсымыз! - көптеген балалар жұмыстарын көрсетеді.