Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубы оқушыларының шығармашылық жұмыстарының «Менің елім - Қазақстаным» атты кезекті көрмесі 2021 жылдың 3 желтоқсанында «Батырмол» сауда орталығында ашылды. Көрме балалар шығармашылығын насихаттауға, өскелең ұрпақты, қала тұрғындарын еліміздің тарихына, дәстүрлеріне, мәдениетіне тарту мақсатында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.
Көрмеге кенепте акрил және майлы бояумен орындалған мектеп оқушыларының 16 жұмысы ұсынылды. Өз жұмыстарында олар ел болашағына деген көзқарастарын, тарих туралы, сәулет пейзажы жанрындағы қазіргі заман сай пікірлерін көрсетті. Жас авторлар Павлодар, Нұрсұлтан, Алматы қалаларының заманауи сәулетін бейнелеген.
«Еліміздің солтүстік астанасының жаңа архитектуралық композициялары, Павлодар қаласының заманауи және тарихи көріністері қала тұрғындары мен отандастарына бірден көзге түседі», - дейді мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Инна Владиславовна Масленникова. - Мысалы, «Набережная», «КазТрансОйл» жұмыстары Тәуелсіздік жылдары салынған жерлер туралы әңгімелейді. Ангелина Полянцеваның «ЭКСПО» жұмысы - біздің еліміздегі 2017 жылдың басты оқиғасы туралы.
- Көрмені ұйымдастыруға атсалысқаны үшін «Батырмол» орталығының әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз. Бұл іс-шара өскелең ұрпақты отаншылдыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады, - деп атап өтті мектеп басшысы Ляйля Мукарамовна Мағзамова. - Көрме 2021 жылдың 12 желтоқсанына дейін жалғасады.