ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Музыка мектебінің түлектерімен шығармашылық кездесу
08-12-2021 09:29
Музыка мектебінің түлектерімен шығармашылық кездесу

«Формула успеха» мектеп жобасы аясында Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінде оқушылардың өнердің танымал шығармашылық адамдарымен кездесулерін өткізу бойынша жұмыс жалғасуда. Жобаның мақсаты - мамандыққа, өнерге деген шығармашылық қызығушылықты дамыту, елден тыс жерлерге танымал қаланың музыкалық атақты адамдарымен танысу және оларды білу.

Жас музыканттардың кезекті кездесуі қаладағы осындай адамдардың бірі - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері Виктор Петрович Денисенкомен өтті. Кездесу Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында қызықты әрі танымды өтті. Виктор Петровичтің педагогикалық өтілі 50 жылды құрайды. Өзінің педагогикалық жолын Павлодарда 1971 жылы музыка училищесінде, кейін колледжде бастады. Ол «Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешенінің негізін қалаушы. Виктор Петровичтің басшылық өтілі - 31 жыл. Қазіргі уақытта ол колледжде сабақ беруді жалғастыруда, өз шеберлігін студенттерге жеткізеді, орыс халық аспаптарының оркестрін басқарады.

Виктор Петрович - дарынды ұстаз және таңғажайып әңгімеші. Мектептің болашақ түлектеріне оның еңбек қызметі, жинақталған жұмыс тәжірибесі туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, қонағымыз Ермек Серкібаев, Шахимардан Әбілов, Айман Мұсақожаева, Жәния Әубәкірова сияқты Қазақстанның көрнекті өнер қайраткерлерімен берік кәсіби достыққа ұласқан шығармашылық ынтымақтастық туралы айтып берді.

- Кездесуде мектеп түлектері біздің қалада және облыста ғана емес, республикада да, елден тыс жерлерде де танымал Виктор Петрович Денисенконың еңбек қызметі туралы көптеген қызықты ақпарат алды. Әңгіме барысында балалар шығармашылық тұлғаның «жетістік формуласының» құрауыштарын ашты, - дейді музыка мектебі басшысының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нұрлан Бақытұлы Қайшанов.