Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық шығармашылық байқаудың жеңімпаздары
08-12-2021 09:37
Халықаралық шығармашылық байқаудың жеңімпаздары

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы күніне арналған ІІ халықаралық «Жанның асыл жолдары» шығармашылық байқауында Павлодар қаласының № 9, 25 мектептерінің оқушылары жеңімпаз атанды. Байқау 2021 жылдың 26 - 29 қараша күндері М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Тұңғыш Президент - Елбасы кітапханасының қолдауымен өтті. Қатысушылардың музыкалық қабілеттерін Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткерлері - әншілер Қанат пен Светлана Айтбаевтар, опера әншілері Азамат Желтұрғызов, Ардақ Балажанова бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды қазақ аспаптарының «Әуен» ансамблі иеленді. Ансамбль солистері Мұзафар Гауһар, Смағұлов Дамир, Амантаева Жансаяның орындауында музыкасы Әлінбек Қоразбаевтікі және Тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаевтың сөзіне жазылған «Үш қоңыр» әні орындалды. Ұжым қазылар алқасын талантымен және кәсіби шеберлігімен баурап алды. Ансамбль құрамына домбырашылар Музафар Дильназ, Бақберді Әділет, 10 сынып оқушылары, қобызшы Ескенова Камила, 11 сынып оқушысы, соқпалы аспапты орындаушылар (дабыл және асатаяқ) Боранбай Әйгерім, 10 сынып оқушысы, шертер (үш ішекті домбыра) Ахметбек Данияр кіреді. Ансамбльді 2019 жылы мектептің музыка жетекшісі Балқенов Жанұзақ Қорабайұлы құрды. Ансамбль құрамына 1 - 11 сыныптардың 20 оқушысы кіреді.

Сонымен қатар, № 9 гимназия-мектебінің 11 сынып оқушысы Сухоносова Алиса «Елбасының сүйікті әндерінің толқынында» номинациясы бойынша вокалистер арасында І орынды иеленді. Байқауда ол музыкасы А. Пахмутованыкі және Н. Добронравовтың сөзіне жазылған «Надежда» әнін орындады. Алиса музыкамен 7 жасынан бастап «Музыкалық квартал» вокалды студиясында айналысады, жетекшісі Атлан Татьяна Ивановна. Сонымен қатар, ол мектепте вокал үйірмесіне қатысады және музыка мұғалімі Шевелева Анастасия Сергеевнадан сабақ алады.

Жеңімпаздар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы мен Н. Назарбаев қорының дипломдарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.