ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Инклюзивті білім берудегі педагогикалық қызметтің рөлі
09-12-2021 09:10
Инклюзивті білім берудегі педагогикалық қызметтің рөлі

«Инклюзивті білім берудегі психологиялық-педагогикалық қызметтің инновациялық әдіснамалық құралдары» пилоттық жобасы аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті Инновациялық Еуразия университетімен бірлесіп, онлайн режимде ZOOM платформасында «Педагогтің функционалдық-жүйелік ойлауының инновациялық құралдары» атты ғылыми-практикалық семинар өткізді. Оған Павлодар қаласы білім беру бөлімінің 100-ден астам өкілі, Инновациялық Еуразия университетінің профессорлық - оқытушылық құрамы, мектеп директорларының орынбасарлары, пән мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің педагог-психологтары қатысты.

Семинарда Қайырбекова Бағжанат Дындарбекқызы, педагогика ғылымдарының докторы, психология, тарих, география, магистратура бойынша «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының жетекшісі, Инновациялық Еуразия университетінің қауымдастырылған профессоры «Педагогтің функционалдық - жүйелік ойлауының инновациялық құралдары» тақырыбында сөз сөйледі. Өз сөзінде оқушылардың инновациялық қабілеттерін дамытудың әдістері мен модельдеріне, инклюзивті білім берудегі психологиялық-педагогикалық қызметтің әдіснамалық құралдарына тоқталды. Кәсіби қызметтегі теория мен практиканың өзара әрекеттесу үлгісін көрсетті. 2021 жылы шыққан авторлар В. И. Цой мен Б. Д. Қайырбекованың «Оқушылардың инновациялық қабілеттерін өсіру әдістері мен модельдері» кітабының тұсаукесері өткізілді.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Сәменқызы Нұрахметова педагогтердің өзін-өзі дамыту және өздігінен білім алу, шығармашылық топтардың және әдістемелік құралдар мен бағдарламалар авторларының инклюзивті білім беру мәселелері бойынша қалалық, облыстық және республикалық байқауларға қатысуы, әртүрлі деңгейдегі семинарларда педагогтердің біліктілігін арттыру мақсатында семинар материалдарын мектептерге жеткізу туралы ұсыныстар берді. Семинар материалдары жұмыста пайдалану үшін қала мектептеріне жіберілді