ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаңа жылдық би жобасының жеңімпазы
10-12-2021 17:08
Жаңа жылдық би жобасының жеңімпазы

53-ші «Pro танцы Kz» жаңа жылдық би жобасында «HOLI» спорт және би мектебінің тәрбиеленушілері құрамында Павлодар қаласының № 24 ЖОМ 3 сынып оқушысы Дүйсенбекова Дарина қатысты. Ол «Однажды в офисе» биімен өнер көрсетіп, «Эстрадалық би» номинациясында I орын алды. Би заманауи хореография стилінде орындалып, «Pro танцы Kz» шығармашылық одағының дипломымен марапатталды.

Байқау 2021 жылғы 5 желтоқсанда «Автомобилист» спорт кешенінде өтті, ұйымдастырушы «Pro танцы Kz» ЖШС болып табылады. Облыстың 1000-нан астам балалары қатысты.

Дарина бимен 5 жасынан бастап «Podium би студиясында айналыса бастады. Осы кезеңде ол түрлі деңгейдегі байқауларда өнер көрсетті. 2018 жылы Павлодар қаласында өткен «Звездный листопад» республикалық байқау-фестивалінде «Хореография» номинациясы бойынша «Микки маусы» балалар биі үшін, Астанада өткен IV халықаралық чемпионатта «Балалар биі» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Астана қаласында өткен IV халықаралық чемпионатта «It’s my life» биімен «Заманауи хореография» номинациясы бойынша I орын алды. Павлодарда өткен «Жаңа жылдық толқулар» республикалық байқау-фестивалінде «Хореография» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды. 2019 жылы «GRAVITY» халықаралық байқау-фестивалінде «It’s my life» биімен Қарағандыда бас жүлдені жеңіп алды. V International Championat «Рок» биімен Павлодар қаласында I орын алды. 2021 жылы «HOLI» спорт және би студиясында бимен айналыса бастады.

Дарина көпшіл, үйде көмектесуге тырысады, үлкендерге қамқорлықпен қарайды. Мектепте оның сүйікті пәндері математика, қазақ тілі, дене шынықтыру, музыка болып табылады. Мектеп іс-шараларына белсенді қатысады. Бимен айналысады, акробатикамен әуестенеді.