ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық ұлттық ойындар фестивалінің қорытындысы
13-12-2021 08:43
Қалалық ұлттық ойындар фестивалінің қорытындысы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған I қалалық ұлттық ойындар фестивалінің финалдық жарысы 2021 жылдың 9 желтоқсанында Павлодар қаласының № 21 ЖОМ өтті. Фестивальдің финалдық кезеңіне Қ. Бекхожин, Б. Момышұлы атындағы, № 9, 18, 21, 32, Кенжекөл жалпы білім беретін мектептерден 8 команда қатысты.

Командалар «Асық ату», «Бес асық», «Ләңгі», «Білектесу», «Арқан тарту» ұлттық ойындарында жарысты. Жарыс қорытындысы бойынша I орынды Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің командасы, III орынды № 21, 18 мектептерінің командалары иеленді. Жүлдегер командалар грамоталармен және медальдармен, жеңімпаз командалар кубокпен марапатталды. Команда қатысушылары грамота алды. Командаларды дайындаған педагогтар Павлодар қаласы білім беру бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

- Біздің елімізде өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге, қазақ халқының ұлттық ойындарын жаңғыртуға көп көңіл бөлінеді. Ұлттық ойындармен айналысу оқушыларға зейінді, байқағыштықты қалыптастыруға, логикалық ойлауды дамытуға, қиындықтарды жеңуге, ептілік, логикалық ойлау дағдыларын меңгеруге, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі, - деп атап өтті өз сөзінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Қ. С. Райсов.