ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас спортшының таэквондодан жетістіктері
14-12-2021 09:52
Жас спортшының таэквондодан жетістіктері

Алматы кубогы үшін таэквондодан республикалық жарыста Павлодар қаласының № 37 ЖОМ 7 сынып оқушысы Ерболат Амина I және III орындарды иеленді. Республиканың түкпір-түкпірінен келген 300 қатысушының арасында Амина спаррингте - I орын және тули таэквондода - III орынды иеленді. Амина Қазақстанның екі дүркін чемпионы және «Таэквондодан Қазақстанның үздік спортшысы» кубогының иегері.

Амина таэквондомен 11 жасынан бастап «NSFT» клубында айналысады. Оның жаттықтырушысы Арман Серікұлы Әжібай. Жас спортшы 2021 жылы Тараз қаласында өткен Қазақстан чемпионатына қатысып, спарринг бойынша I орын және тюль бойынша III орынды алды. 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан кубогына арналған чемпионатта тюль бойынша II орын және спарринг бойынша III орын алды. Ол жасыл белбеудің иесі.

Амина мектепте оқу озаты, түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатысады. Тарих бойынша мектеп, қала олимпиадаларында I, II орындарды (2018, 2019 жылдар), орыс тілінен - II орынды (2019 жыл) иеленді.

Спорттан басқа, Амина Павлодар қаласының музыка мектебінде «Қобыз» сыныбы бойынша білім алады. Ол өте жауапты, мақсатты және талапшыл. Музыка мектебінің фольклорлық ансамбліне қатысады. 2020 жылы халық аспаптарын орындаушылардың бірінші мектептегі қашықтық байқауына қатысып, I дәрежелі лауреат атанды.