ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған тактильді кітаптар
14-12-2021 09:56
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған тактильді кітаптар

Павлодар қаласының М. Әлімбаев атындағы мектепте 2021 жылғы 9 желтоқсанда ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуға арналған тактильді кітаптардың «Білімге жол» атты I облыстық байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау 2021 жылғы 5 қараша - 5 желтоқсан аралығында өтті. Мақсаты - қоғамның назарын ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың проблемаларына аудару, мүгедек балаларды әлеуметтендіруге жәрдемдесу, кітапхана қорын ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін тактильді кітаптармен толықтыру.

Байқауға мектеп педагогтары, арнайы мектеп балаларымен жұмыс істейтін балабақша тәрбиешілері, Павлодар қаласы, Май, Железин аудандарының мектепке дейінгі мекемелерінің педагогтары, жеке тұлғалар ұсынған 17 жұмыс тіркелді. Жұмыстар кітапхана қорын зағиптар мен басқа да мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған тактильді кітаптармен толықтыру қорына, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық мамандандырылған кітапханаға жіберілді.

Барлық қатысушылар Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Қатысушылар үшін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мектеп оқушылары мен педагогтары концерт қойып, естелік сыйлықтарды табыс етті.

- Байқау мүмкіндігі шектеулі балалармен айналысатын адамдардың жұмысын жарнамалау және тактильді кітаптар жасау бойынша үздік тәжірибелерді анықтау үшін өткізілді, - дейді мектеп басшысы Мұхтар Дастан Бекболатұлы.

Байқаудың ұйымдастырушылары М. Әлімбаев атындағы ЖОМ, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана, Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы болып табылады.