ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстан тәуелсіздігі туралы павлодарлық оқушылардың пікірсайыс турнирі
15-12-2021 09:45
Қазақстан тәуелсіздігі туралы павлодарлық оқушылардың пікірсайыс турнирі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен Павлодар педагоикалық унивнрситеті «Ақиқат» зияткерлік дебат клубымен бірлесіп, «Ақ жол» ҚДП облыстық филиалының қаржылай қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қалалық дебат турнирі өткізілді. Турнирге қаланың қазақ тілінде оқытатын № 1, 2, 17, 19, 24, 25, 35, 37, 40, Жетекші ЖОМ, Қ. Бекхожин атындағы Кенжекөл ЖОМ, 12 мектебінің 9 - 11 сынып оқушыларынан 12 команда, «Жаңа көзқарас" қалалық дебат мектебінің жетекші дебатерлері құрамындағы аралас командалар, мектеп оқушыларына арналған мектеп дебат клубтарының жетекшілері қатысты.

Турнир іріктеу және қорытынды кезеңдерден тұрды. Жас дебатерлердің өнерін Павлодар педагогикалық унивнрситеті КЕАҚ «Ақиқат» студенттік клубының жетекші дебатерлері бағалады. Турнирде пікірсайысшыларға «Алаш идеясының жүзеге асырылуы», «Аумақтық тұтастық немесе ұлттық идея», «Мэйджи кезеңінің реформалары», «Екі тілді мектептердің ашылуы» тақырыптары талқыланды. Ойынның әр кезеңінде пікірсайысшылар өздерінің зияткерлік қабілеттерін көрсете отырып, жеке ұстанымдарын білдірді. Егер қазақ халқының тарихына қайта оралсақ, қазақ мемлекеттілігінің тәуелсіздігіне апаратын жол қандай ұзақ және күрделі болғанын білеміз. «Алаш» саяси қозғалысы XX ғасырдың басында қазақ халқының ұлт-азаттық күресі кезеңінде құрылды.Пікірталас барысында командалар дәлелді мысалдар келтірді. Кейбіреулер бұл саясаттың әлсіз жақтарын тапты, ал басқалары партияның бөлінуіне жол бермеу үшін бәрі жасалғанын айтып, кейбір сәтсіз сәттерді ақтауға тырысты.

Ақтық ойыннан кейін «Ақ жол» ҚДП қалалық мәслихат депутаты Қайрат Әлімқұлұлы Ысқақпен кездесу өтті. ол команда қатысушылары жағдайды талдай алатынын, сыни тұрғыдан ойлай алатынын атап өтті.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша қорытынды турға № 2, 19, 25, 37 мектептердің 4 командасы өтті. Команда қатысушылары шешендік шеберлік, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын, тарихты білу, талдау қабілеттерін көрсете алды. Қорытынды турнир нәтижесі бойынша І орынды № 25 мектептің «Ой дария» дебатер командасы, ІІ орынды № 2 мектептің «Шабыт» командасы, ІІІ орынды №19 мектептің «Зияткер» командасы, Құрмет грамотасымен № 37 мектептің «Тұмар» командасы марапатталды № 1 мектептің 9 сынып оқушысы Серік Алуа «Үздік спикер» номинациясына ие болды. Барлық жеңімпаздарға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, бағалы сыйлықтар табыс етілді, турнир қатысушылары сертификаттар алды, команда жетекшілері «Павлодар дарыны» орталығының алғыс хаттарымен марапатталды. Қаланың білім беру мекемелерінде дебаттық турнирлер 2018 жылдан бері өткізіліп келеді.