Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас әртістердің Балдәуренде өнер көрсетуі
15-12-2021 11:18
Жас әртістердің Балдәуренде өнер көрсетуі

Ынтымақтастық шеңберінде Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінің жас әртістері 2021 жылғы 10 желтоқсанда «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында Қазақстанның 30-жылдығына арналған мерекелік концертпен болды.

Концерттік бағдарламаға түрлі деңгейдегі конкурстардың лауреаттары қатысты. Ш. Қорғанбектің «Төрткүл түмені», К. Ахмедияровтың «Қосбасар», Күлшардың «Кербез керік» шығармаларын «Серпін» фольклорлық ансамблі орындады, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары, жетекшісі Абжанова Гаухар Арғынқызы. Халықаралық, облыстық байқаулардың лауреаты Сейітқазина Аружан Джеймс Ласттың «Жалғыз бақташы» атты әйгілі шығармасын сыбызғыда жанды және лирикалық түрде орындады. Жетігенде Тәттімбеттің «Қосбасар» шығармасын Баймыш Аяна орындады. Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Хамит Ниязбектің орындауында Құрманғазының «Төремұрат» күйлерінің, Динаның «Бұлбұл» күйінің жарқын виртуозды ойыны Балдәуренде демалып жатқан оқушыларды баурап алды. Мерекелік концерттің шарықтау шегі Сейтқазина Аружанның «Қазақстан» әнін орындауы болды.

Концертте Балдәуренде демалып жатқан 30 оқушы болды. Олар жас әртістерге кәсіби деңгейі үшін, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында мерекелік концерті үшін алғыстарын білдірді.