Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас ақынның алғашқы өлеңдер жинағының тұсаукесері
15-12-2021 16:31
Жас ақынның алғашқы өлеңдер жинағының тұсаукесері

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Павлодар қаласының № 35 ЖОМ 11 сынып оқушысы Илимхан Дінасылдың алғашқы өлеңдер жинағының тұсаукесеріне арналған «Жыр жауһары» әдеби-шығармашылық кеші өтті. Тұсаукесерге жазушы, «Найзатас» журналының редакторы, жас дарынға қолдау көрсеткісі келген аға ақындар қатысты.

    Дінасыл 5-сыныптан бастап поэзияны жақсы көреді, өлең жазады, түрлі әдеби байқауларға қатысып, үнемі жүлделі орындарға ие болады. Ол республикалық «Ақындар мүшайрасы» байқауының жүлдегері, «Менің Қазақстаным, сені жырлағым келеді», «Жыр жауһары – жастар», «Шығармашылық – менің өмірім», «Менің Қазақстаным - менің болашағым» байқауларында І орын алды.

   Мектеп әкімшілігінің бастамасымен Дінасыл жазған барлық өлеңдер «Менің жүрек жырларым» атты өлеңдер жинағына біріктірілді. Өлеңдер жинағының алғы сөзін жергілікті жазушы, «Найзатас» журналының редакторы, Дінасылдың тәлімгері Асыл Әбіш жазды.

    - Бұл жинаққа аналарға, ұлы Абай, Мұқағали Мақатаев, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, ана тілім туралы жазылған ең үздік 10 өлең енді, - дейді автор.

   - Біздің журналдың редакциясында «Мөлдір мұра» үйірмесі жұмыс істейді, онда отырыстар өткіземіз. Біз әрқашан жас дарынды балаларды іздейміз және қолдаймыз. Дінасыл сияқты таланттарды қолдау тек өзі үшін ғана емес, оны қолдайтындар үшін де маңызды. Осылайша болашақтың берік іргетасы қаланады, - деп атап өтті Асыл Әбіш.