ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балабақшалар балалар ауылы үшін лэпбуки жасады
20-12-2021 10:04
Балабақшалар балалар ауылы үшін лэпбуки жасады

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Павлодар қаласының № 1, 12, 41, 50, 53, 86, 104, 111, 112 мектепке дейінгі мекемелері «Интеллект қоры» акциясын басталды. Мақсаты - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған қайырымдылыққа қатысу.

- Біздің тәрбиеленушілеріміз педагогтармен бірлесіп 5 - 7 жастағы балаларға арналған дидактикалық оқу құралын дайындауға белсенді қатысты. Нәтижесінде 90 дана көлемінде бірегей, көп функциялы, дамытушы, мамандандырылған лэпбуктар әзірленді. Бұл материал балаларға Қазақстанды кеңірек және терең зерттеуге көмектеседі, - деді № 86 балабақшаның басшысы Бақыт Исабекова.

Оқу құралдарына «Қазақстанның рәміздері», «Ұлттық музыкалық аспаптар», «Қазақстан қалалары», «Ұлттық киім», «Қазақстан жануарлары», «Біздің Павлодар», «Ұлттық ойындар», «Ұлттық киім», «Қазақстан өсімдіктері» тақырыптары енгізілді.

Балалар лэпбуктарды қызығушылықпен қарап, зерттеді, өздерінің қуанышымен және алған әсерлерімен бір-бірімен бөлісті. Балабақша басшылары оқу құралдарын қалай пайдалану керектігін, тапсырмаларды қалай дұрыс орындау керектігін көрсетті және айтты.