ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылардың республикалық пәндік олимпиадағы жетістіктері
20-12-2021 12:16
Павлодарлық оқушылардың республикалық пәндік олимпиадағы жетістіктері

5 - 6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде облыс командасында 16 оқушы, облыстық кезеңнің жеңімпаздары, оның ішінде Павлодар қаласының № 36 мектебінің, № 9 мектеп-гимназиясының, Кенжекөл ЖОМ 4 оқушысы. Байқау 2021 жылдың 13 желтоқсанында дәстүрлі режимде 8 пән бойынша өтті:математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі.

Павлодар қаласының командасы республикалық олимпиадада лайықты өнер көрсетті. Барлық 4 қатысушы жүлделі орындарға ие болып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ІІІ дәрежелі дипломдарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Олимпиада қорытындысы бойынша «Ағылшын тілі» пәнінен І орынды № 9, мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Имангулов Аргын, «Жаратылыстану» пәні бойынша № 36 ЖОМ 5 сынып оқушысы Галченко Илья, «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Кенжекөл ЖОМ 5 сынып оқушысы Элимесұлы Жігер иеленді. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Құрмет грамотасымен № 36 ЖОМ 5 сынып оқушысы Хохлова Виктория марапатталды.