Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Балалар баспа графикасының триенналесі
20-12-2021 11:22
Балалар баспа графикасының триенналесі

2021 жылдың қазан айында Уфа қаласында өткен және алыс, жақын шетелдердің мыңдаған балаларының мүдделерін біріктірген «Балалар баспа графикасының триенналесі» атты халықаралық байқауына Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің 37 оқушысы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша желтоқсан айында «Бірге ұшамыз» жұмысы үшін III орынды 5 жастағы Анастасия Берендеева жеңіп алды және III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жұмыс фломастерлермен орындалған.

- Бұл графикалық байқау балаларды баланың қиялыннан шыққан әртүрлі суреттерде қалыптасқан сызықтар мен нүктелердің құпиясымен тартады. Балалар графика техникасының жаңа тәсілдерін ойлап тауып, өздерінің бейнелері мен аллегорияларын қара-ақ және түрлі-түсті реңктерде аса бір сүйіспеншілікпен орындайды», - дейді жүлдегердің ұстазы Гүлнар Мергалимовна Мухаметкалина.

Келесі оқушыларымыз байқаудың дипломанттары атанды: аралас техникада орындалған «Өткеннің алыбы» жұмысы үшін Роман Осипов, 12 жаста (ұстазы Светлана Евгеньевна Рейн), түрлі-түсті қарындаштармен жасалған «Кішкентайға жол бер» жұмысы үшін - Максим Матвеев, 6 жаста, аралас техникада орындалған «Көңілді себезгі» жұмысы үшін - Альбина Павленко, 8 жаста (ұстазы Инна Владиславовна Масленникова), түрлі-түсті қарындаштармен жасалған «Күн астындағы орын бәріне жетеді» жұмысы үшін - Зарина Смайлхан, 8 жаста, және фломастерлермен орындаған «Сары түс қазір трендте» жұмысы үшін - 11 жастағы Мерей Боранбай (ұстазы Наталия Владимировна Решетова). Павлодарлық дипломанттардың жұмыстары байқаудың қорытынды көрмесінде орналастырылған.