Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Тілдік мүмкіндіктер мектебі
20-12-2021 14:04
Тілдік мүмкіндіктер мектебі

2015 жылдан бастап Павлодар қаласының № 39 ЖОМ жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламаларын сынақтан өткізу бойынша 30 пилоттық мектептің құрамына кіреді. Мектеп ұжымы қаланың химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен тығыз байланыста, олар семинарлар, практикумдар, оқыту тренингтерін, бірлескен сабақтарды өткізеді. Осы кезеңде ұжым жаңа идеялармен, оқытудың заманауи тәсілдерімен байытылды. Инновациялық мектеп педагогтары НЗМ жұмысының тәжірибесін ғана емес, өз тәжірибелерін де көрсете бастады.

2019 - 2020 оқу жылынан бастап Павлодар қаласының № 39 мектебі білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Павлодар ауданының мектептерімен ынтымақтасуда. Қала және ауыл мұғалімдерін облыстық «Тіл мүмкіндіктері мектебі» жобасындағы бірлескен жұмыс біріктірді, соның арқасында көптілділікті дамыту ғана емес, сонымен қатар пәндерді командалық оқыту жүзеге асырылуда.

2021 - 2022 оқу жылында жоба өз шегін кеңейтіп,  қазір 8 ауыл мектебін қамтиды. 13 желтоқсанда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында мұғалімдердің кездесуі өтті, оның № 39 мектеп мұғалімдері Б.А. Канапина мен О. А. Чучко «Командалық оқыту - оқыту мазмұнын жаңартудың заманауи тәсілдерінің бірі ретінде» атты коучингтік сабақ өткізді. Командалық оқытудың мақсаттарының бірі жаратылыстану-математикалық циклдегі пән мұғалімдері мен тілдік пәндерді біріктіру. Бұдан әрі, «Заманауи мектептегі пәндерді интеграциялау» дөңгелек үстелі барысында педагогтар Е. А. Майлакова, Е. В. Кичигина, Т. В. Жукова, С. О. Бралинова өз тәжірибелерімен бөлісті, өздерінің командалық сабақтарының бейнефрагменттерін көрсетті. Айта кету керек, 39 мектепте командалық оқыту форматындағы сабақтар үнемі өткізіліп тұрады.

Оқытудағы жаңа тәсілдер ауыл педагогтарының үлкен қызығушылығын тудырды. Ынтымақтастық, жемісті болады деп үміттенеміз.