ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық ойындардағы жетістігі
21-12-2021 09:49
Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық ойындардағы жетістігі

«30 жылдыққа 30 ойын» республикалық фестивалінің облыстық кезеңіне қалалық кезеңнің жеңімпаздары Павлодар қаласы балабақшаларының 2 бейнематериалдары ұсынылды. Мақсаты - патриоттық, дене тәрбиесін қалыптастыру.

Фестивальдің облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша қала балабақшаларының материалдары үздік деп танылды. № 8 сәбилер-балабақшасының тәрбиеленушілері «Қазан асық» ұлттық ойынын ұсынды - бұл асық ату ойынының түрі, мектеп жасына дейінгі балалардың қолдарының дәлдігін, ептілігін және ұсақ моторикасын дамытады, қарым-қатынасқа, достыққа үйретеді. Балабақшаның бейне ойыны республикалық фестивальге ұсынылады. № 96 сәбилер-бақшасының мектеп жасына дейінгі балалары «Солнышко» қозғалмалы ойынын ұсынды - бұл «Епті батырлар», «Күн сәулелері», «Күн қуу» ойындарының блоктарынан тұрады.

Фестивальдің қалалық кезеңіне 226 тәрбиеленуші құрамынан тұратын қаланың 30 мектепке дейінгі ұйымы «Ұлттық ойын», «Үстел ойыны», «Қозғалмалы ойын», «Театрландырылған ойын», «Сюжеттік-рөлдік ойын» номинациялары бойынша 40 бейне ойынын ұсынды. Ең көп қатысушылар «Ұлттық ойын» номинациясында 17 ойын түрі бойынша болды. Олар: «Ханталапай», «Белбеу тастау», «Қыз қуу», «Асық ату», «Бәйге», «Тоғызқұмалақ», «Жауды сүйреп апару», «Соқыр теке», ұмытылған ойындар «Сасыр», «Қазан асық». Байқаудың қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша № 6, 8, 42, 44, 46, 48, 96, 111, 121 балабақша қатысушыларының жұмыстары үздік деп танылды, № 39, 82 арнайы балабақшалардың, 24, 112, 117, 126 балабақшалардың тәрбиеленушілері грамоталармен марапатталды.