Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар өз елінің тарихын оқып жатыр
22-12-2021 09:44
Балалар өз елінің тарихын оқып жатыр

Павлодар қаласының мемлекеттік тілде білім беретін № 44 балабақшасы оқу-тәрбие үрдісінде Қазақстан тарихын, ұлттық салт-дәстүрлерді зерттеуге көп көңіл бөлінеді. Тәуелсіздік күні қарсаңында ел мерейтойының маңыздылығын насихаттау мақсатында танымдық ойындар, көрмелер, тақырыптық сабақтар өткізілді. Іс-шараларда Қазақстанның тәуелсіздігі, Мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтар, рухани дүниетаным, ұлттық ойындар туралы ауқымды ақпарат ұсынылды.

Ата-аналардың қатысуымен «Менің Қазақстаным» атты қолөнер, суреттер көрмесі ұсынылды. «Асық» алаңында балалар ұмытылған «Сасыр», «Құмар», «Ханталапай», «Омпа» ойындарын ойнауды үйренді. Тәрбие сағаттарында ұлы дала ағартушылары Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Құрманғазы Сағырбайұлы туралы айтылды. «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын жүзеге асыру аясында балабақшада құрамы 8 педагогтан тұратын «Сарғалдақ» аспаптық ансамблі құрылды, онда домбыра, қобыз, баян, тұяқ, сылдырмақта ойнайды. Мереке құрметіне олар Бәкір Тәжібаевтың «Туған жер» әнін орындап, әлеуметтік желіде көрсетті.

- Мектепке дейінгі мекемелердің оқу-тәрбие үрдісінде қазақ халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін зерделеу бойынша жұмыстың заманауи әдістері мен нысандары кеңінен қолданылады. Әр тәрбиешінің міндеті оларды балаларға беру, - дейді балабақша басшысы Норпейісова Гүлнар Қамзақызы.