Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалардың сөйлеу бұзылыстарын түзетудегі инновациялық технологиялар
27-12-2021 12:54
Балалардың сөйлеу бұзылыстарын түзетудегі инновациялық технологиялар

Павлодар қаласының білім беру бөлімі Павлодар педагогикалық университетінің Педагогика жоғары мектебімен бірлесіп тәжірибе алмасу бойынша «Сөйлеу бұзылыстарын түзетудегі инновациялық технологиялар» атты ашық семинар өткізді. Мақсаты - логопед жұмысындағы инновациялық әдістермен танысу және тәжірибе алмасу. Семинарға 80-нен астам ғалымдар мен жоғары мектептің «Арнайы педагогика» кафедрасының оқытушылары, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскерлері, қала мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдардың логопедтері қатысты.

Семинар жұмысына кафедра деканы, профессоры Нұрмағамбетова Ботагөз Амангелдіқызы, педагогика жоғары мектебінің ғылым және интернационалдандыру жөніндегі вице-деканы Мырзатаева Алтынай Қанатқызы қатысты. «Арнайы педагогика» кафедрасының жетекшісі Шавалиева Зульфия Шавалиевна, білім беру бөлімінің әдіскері, Нұрахметова Шолпан Семенқызы, университет оқытушысы Шабанова Болды Анасқызы «Сөйлеу бұзылыстарын түзетудегі нейрологиялық терапия тәсілдері» тақырыбында сөз сөйледі.

Мұғалім-логопед, педагог-шебер, педагогика ғылымдарының магистрі Матай Қымбат Галямқызы «Жарты шар аралық өзара әрекеттесу мен сөйлеуді дамыту» тақырыбында, жоғары мектеп доценті, PhD докторы, Сарсембаева Элла Юрьевна «Баланың сөйлеуін қалыптастыруға ата-аналардың әсері» тақырыбында,  № 14 арнайы балабақшаның логопеді, Пастушенко Юлия Юрьевна «Мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеуінің жалпы дамымауын түзетудегі визуалды модельдеу технологиясы» тақырыбында, тірек - қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтудың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының логопеді Ахметова Айнұр Табылдықызы «ЖБҚ бар балалардың сөйлеу бұзылыстарын түзетудің заманауи тәсілі» тақырыбында тәжірибемен алмасты.

Практикалық бөлімде қаланың білім беру ұйымдарының логопедтерінің шығармашылық зертханалары мен жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Қатысушыларға мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін түзетуде ТРИЗ (Луллия шеңберлері) технологиясын қолдану туралы № 14 арнайы балабақшаның логопедтері Кисенова Жанар Екпінтайқызы, Жанабаева Әйгерім Аитпайқызы, № 50 сәбилер-балабақшасының логопеді Мустапинова Гүлдария Иманбекқызы логопедтік сабақтардағы лексика-грамматикалық ойындар туралы, мектепке дейінгі логопункт жағдайында түзету-логопедиялық жұмыста сенсорлық интеграция элементтерін қолдану туралы № 96 сәбилер-балабақшасы - «Радуга» үйлесімді даму орталығының логопеді Ниязова Светлана Леоновна айтып берді.

Семинар қорытындысы бойынша логопедтерге әдістемелік көмек көрсету жөнінде бірлескен іс-шаралар өткізу бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы шешім қабылданды. Семинар қатысушыларына сертификаттар, сөз сөйлеген жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың логопед-мұғалімдеріне жұмыс тәжірибесін тарату туралы куәліктер табыс етілді.