ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық мектеп оқушыларының қысқы демалысы
28-12-2021 16:04
Павлодарлық мектеп оқушыларының қысқы демалысы

2021 жылдың 30 желтоқсан мен 2022 жылдың 9 қаңтар аралығында Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде балалардың демалысын, бос уақыттарын ұйымдастыру бойынша «Қазақстан балалары - Қысқы ертегi» - «Дети Казахстана - зимняя сказка» атты қысқы демалыстар өткізіледі. Павлодар қаласы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес іс-шаралар оқушылардың қысқы демалыс кезіндегі пайдалы және белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру жүйесін дамытуға және жетілдіруге, қызығушылықтары мен шығармашылықтарын дамытуға, рухани әлемі мен ақыл-ойларын байытуға бағытталған.

Каникул уақытында жұмысты ұйымдастыру кезінде оқушыларға ең қауіпсіз жағдай жасау мақсатында темір жолдар мен автомобиль жолдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, теміржол және автомобиль жолдары маңында құлаққаптар мен ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салу бойынша шаралары қарастырылған. Төтенше жағдайлар бөлімшелері өкілдерінің қатысуымен сыныптарда мұз үстінде, жолдарда, автомобиль көлігімен жүру, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау, өрт кезінде, электр құралдарын пайдалану, пешті жылыту кезінде ережелерін сақтау туралы алдын алу әңгімелер өткізілді. Сайттар мне әлеуметтік желілерде балалардың қауіпсіздік ережелері туралы бейнероликтер шығарылды.

Қаланың жалпы білім беретін мектептерінде 29 - 31 желтоқсанда Жаңа жылды қарсы алуға арналған түрлі іс-шаралар өткізіледі - «Сиқырлы терезелер», «Шаш үлгілеріндегі қысқы сурет», «Қысқы шығармашылық» атты шеберлік сабақтары, онлайн кездесулер, «Қауіпсіз мерекелер» бейнероликтері шығарылады, «Қысқы қиял», «Сәлем, қыс!» атты шығармашылық жұмыстарының көрмелері, «Аяз атаның сиқырлы саяхаты - 2022» жаңа жылдық қойылымдары, «Қысқы Олимп» көңілді жарыстар, қамтылуы  20 мыңнан астам бала.

2022 жылдың 1 - 4 қаңтарында «Жаңа жыл құтты болсын» бейнеқұттықтау байқаулары, қысқы спорттық іс-шаралар - «Қарлы ертегі», «Бәрінен де жақсы!» ойындары, волейбол, шаңғы, шахмат және үстел теннисі бойынша жарыстары, 10000-нан астам бала қамтылады.

2022 жылдың 5 - 9 қаңтарында 5 - 7 сынып оқушылары үшін аймақтық ЭКО doom жобасы аясында «Менің болашағым, менің көзқарасым» кәсіби бағдар беру бойынша онлайн тренинг, «Қыста құстарды тамақтандырыңдар» атты акциясы, «Сиқырлы сандық» жаңа жылдық квест, 1 - 4 сынып оқушылары үшін «Қысқы рандеву» жаңа жылдық би шоуы, «Көңілді Ақшақар» қардан фигуралар жасау бойынша отбасылық сайыстары, интеллектуалды ойындар, 10 000 бала қамтылады.

Қаланың барлық мектептерінде қысқы каникул кезінде оқушыларға мектеп мұз айдындары мен шаңғы трассаларында жаттығу жасау және сырғанау үшін барлық мүмкіндіктер  жасалған.

Қысқы каникул кезінде қаладағы жалпы білім беретін мектептерінің 40 мыңнан астам оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру  және демалыстың барлық түрлерімен қамту жоспарлануда.