Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар бард әндерін орындады
30-12-2021 09:31
Павлодарлық оқушылар бард әндерін орындады

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында 2021 жылғы 25 қараша - 15 желтоқсан аралығында бард әндерінің «Ертіс сыңғыры - 2021» дәстүрлі қашықтықтан қалалық фестивалі өткізілді. Фестивалье жалпы білім беретін мектептердің 40-тан астам оқушысы қатысты № 5, 11, 16, 24, 25, 31, 32, 34, 39, 40, 41, М. Әлімбаев атындағы экология және туризм орталығы балалар бірлестіктерінің тәрбиеленушілері қатысты.

Төрт жас тобында қатысушыларды тыңдау 5 санат бойынша жүзеге асырылды: Гитарамен сүйемелдеу негізінде әндер орындау», «Дуэт», «Ансамбл», «Авторлық ән», «Туристік-өлкетану әні». Қатысушылардың орындауында достық, туристік романтика, жорықтар, Ертіс өңірінің сұлулығы туралы әндер шырқалды.

«Ансамбл» санатында (11 - 12 жас аралығында) № 41 ЖОМ «Зеленая карета», (13 - 15 жас) «Әуен» - № 25 ЖОМ ансамблдері І орын иеленді. Олардың орындауында «Үш Қоңыр» Н. Назарбаевтың сөзіне, Ә. Қоразбаевтың музыкасына жазылған, «Мой Павлодар» әні Ирина Стрелецтің авторлық әні гитарамен шырқалды.

«Туристік-өлкетану әні» санаты бойынша I орынды № 32 НОМ оқушысы Бережная Елизавета (11 - 12 жас), № 16 мектеп-лицейінің оқушысы Минеев Владимир (13 - 15 жас), орталықтың «Вертикаль» клубының тәрбиеленушісі Дьяченко Антон (15 - 18 жас) иеленді. Олардың орындауында гитарамен «Павлодар» - Марина Каримованың авторлық әні, «Изгиб гитары желтой» - Олег Митяевтің авторлық әні шырқалды.

«Дуэт» санатында I орынды № 41 (11 - 12 жас) ЖОМ оқушылары Ротанова Кира және Жаменкина Вероника иеленді. Олардың орындауында гитарамен «Три Аккорда» - Ирина Стрелецтің авторлық әні.

«Авторлық ән» санатында орталықтың «Вертикаль» клубының тәрбиеленушісі Антон Немченко (16 - 18 жас) I орын иеленді. Оның орындауында гитарамен «Баян» - Марина Каримованың авторлық әні шырқалды.

«Гитарамен сүйемелдеу негізінде  әндер орындау» санатында I орынды № 5 ЖОМ оқушысы Семенец Анфиса (6 - 10 жас), № 40 ЖОМ оқушысы Рейхерт Дмитрий (11 - 13 жас), № 41 ЖОМ оқушысы Биянова Даниля (13 - 15 жас), № 24 ЖОМ оқушысы Альмуханов Нургали (16 - 18 жас) иеленді. Фестивалдің ең жас жеңімпазы, 7 жастағы Анфисаның орындауында «Три белых коня» - Евгений Крылатовтың авторлық әні шырқалды. Гитарада ойнау арқылы Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінде 5 жасынан бастап үйірмеге қатысады.