Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Халықаралық би байқауының жеңімпаздары
31-12-2021 09:23
Халықаралық би байқауының жеңімпаздары

Павлодар қаласы Қ. Бекхожин атындағы ЖОМ «Томирис» би тобы «Вest of the Best Dance Fest» халықаралық эстрадалық би фестивалі-байқауына қатысты. Байқау Павлодар қаласында өтті, ұйымдастырушы Jas daryn байқау жобасының директоры Молдағалиева Зарина Бахтыбекқызы. Мақсаты - балалар мен жастардың шығармашылығын жүзеге асыру үшін жағдай жасау.

Байқау қорытындысы бойынша мектептің 3 - 4 сыныптарының 10 қыздарының құрамынан тұратын топ ІІ орын алды. Олар «Li tourner» биін орындады. Қатысушылар Jas daryn байқау жобасының кубогымен, дипломдарымен және медальдарымен марапатталды.

Мектепте «Томирис» би тобы 4 жылдан астам жұмыс істейді, осы кезеңде халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың қатысушылары болды. 2019 жылы Бурабайда өткен «Жазғы фейерверк» Х халықаралық көпжанрлы байқау-фестивалінің І дәрежелі дипломанты, «Талант» номинациясы бойынша «Танцор диско» қалалық фестивалінің грамотасымен марапатталды, Павлодарда хореография бойынша VI халықаралық «Би бала» байқауының гран-при иегері атанды.

Танцевальная группа «Томирис» в школе действует более 4-х лет, за этот период были участниками международных, республиканских, областных конкурсов. Так, в 2019 году стали дипломантами I степени Х международного многожанрового конкурса-фестиваля «Летний фейрверк» в Боровом, в номинации «Талант» награждены грамотой городского фестиваля «Танцор диско», стали обладателями гран-при VI международного конкурса «Би бала» по хореографии в Павлодаре. Ансамбль репертуарында әлемнің түрлі халықтарының билері бар.

Би ансамблінің көркемдік жетекшілері көптеген жылдар бойы биге деген сүйіспеншілікті оятты. Мектепте би үйірмесі жұмыс істейді, мұнда 1 - 7 сыныптардың 30-дан астам қыздары айналысады. Мектеп үйірмесін мектептің көркемдік жетекшілері Адельханова Алтынай Женісқызы мен Магауиянова Назира Ерболатқызы жүргізеді. Балаларды байқауға жақсы дайындағаны үшін олар «Би ансамблінің үздік жетекшісі» дипломымен марапатталды. Адельханова Алтынай Жеңісқызы 2021 жылы мәдениет қызметкерлері күніне орай балалар шығармашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.