ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көркем гимнастикадан біріншілік
12-01-2022 10:39
Көркем гимнастикадан біріншілік

Павлодар қаласы № 1 ЖОМ 1 сынып оқушысы Аделя Аринова көркем гимнастикадан қалалық турнирге қатысып, I орын алды. Ол «Элит» көркем гимнастика мектебінің ашық турнирінде I дәрежелі дипломмен марапатталды. Павлодар қаласының № 1 балалар-спорт мектебіндегі турнирге 3 - 18 жас аралығындағы 100-ден астам бала қатысты.

Жарыстың шарты бойынша Аделя 6 - 7 жас аралығындағы топқа қатысып, би және жартылай акробатикалық элементтерді көрсетті.

Ол көркем гимнастикамен 5 жасынан бастап «DeSport» спорт клубында айналысады, жаттықтырушысы - көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дильназ Қанатқызы Мұсабекова. Көркем гимнастикамен айналысу кезеңінде Аделя 2020 жылы «DeSport» спорт клубының көркем гимнастика бөлімі арасында III орынды, 2021 жылы Павлодар қаласында «Wintercur - 2021» көркем гимнастикадан ашық қалалық турнирде I орынды иеленді.

Мектепте жақсы оқиды, сынып пен мектептің түрлі іс-шараларына қатысады, «Патриоттық әндер», «Дені сау болу - керемет!» байқауы, қалалық «Әліппе атасы» суреттер байқауы. Көркем гимнастикадан басқа, ол жақсы сурет салады, ән айтуды жақсы көреді.