kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2189480
Бір айда150612
Бір аптада52869
Кеше10565
Тәулік527
Оқушылар спартакиадасының қорытындысы
13-01-2022 10:38
Оқушылар спартакиадасының қорытындысы

Павлодар қаласының білім беру және дене шынықтыру және спорт бөлімдері оқушыларының 51-ші спартакиадасын өткізу бағдарламасына сәйкес 2021 жылы Президенттік миль, баскетбол, тоғызқұмалақ, асық ату бойынша жарыстар өтті. Жарыс ұлдар мен қыздар арасында өткізілді. Мақсаты - дене шынықтыру, спортпен айналысатын дарынды балаларды қолдау, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Спартакиаданың ұйымдастырушысы Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі болып табылады.

Орталық жағалаудағы Президенттік миль бойынша жарысқа 25 қыздар командасы, 27 ұлдар командасы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасында I орынды № 34 ЖОМ (I лига), № 2 (II лига), II орынды № 17 ЖОМ, 14 ЖОМ командалары, III орынды № 16, 40 мектеп командалары иеленді. Қыздар арасында I орынды № 43 ЖОМ (I лига), № 40 (II лига), II орынды Қ.Мақпалеев атындағы ЖОМ командасы, III орынды № 36, 6 мектеп командалары иеленді.

Баскетболдан жарыс қаланың жалпы білім беретін мектептерінің спорт залдарында өтті, оған 14 команда қыздар, 26 команда ұлдар қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасында I орынды № 2 ЖОМ, 41 ЖОМ, II орынды № 25 ЖОМ, III орынды № 39, 35 ЖОМ командалары иеленді. Қыздар арасында I орынды № 5 ЖОМ, 14 ЖОМ, II орынды № 26 ЖОМ, 35 ЖОМ, III орынды № 41 ЖОМ командалары иеленді.

Тоғызқұмалақтан жарыс № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде және шахмат үйінде өтті, оған 30 қыздар командасы, 27 жасөспірімдер командасы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасында I орынды № 25 ЖОМ командасы, II орынды Кенжекөл ЖОМ командасы, III орынды № 2 Б.Момышұлы атындағы ЖОМ командасы иеленді. Қыздар арасында I орынды № 24 ЖОМ, 14 ЖОМ, II орынды Кенжекөл ЖОМ, III орынды № 39 ЖОМ командалары иеленді.

Асық ату бойынша қаланың жалпы білім беретін мектептерінің спорт залдарында жарысты, 29 қыздар командасы, 29 ұлдар командасы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасында I орынды Кенжекөл ЖОМ командасы, II орынды Б.Момышұлы атындағы ЖОМ командасы, № 1 ЖОМ, III орынды № 21, 38 ЖОМ командасы иеленді. Қыздар арасында I орынды Б. Момышұлы атындағы ЖОМ, екінші орынды Қ. Мақпалеев атындағы ЖОМ, 40, III орынды № 29 ЖОМ, жетекші ЖОМ командалары иеленді.

2022 жылы оқушылар спартакиадасы спорттың 10 түрі - волейбол, шаңғы жарысы, үстел теннисі, қысқы Президенттік көпсайыс, «Белая ладья» шахматы, қазақша күрес, жазғы президенттік көпсайыс, жеңіл атлетика, футбол, жеңіл атлетикалық эстафета бойынша жалғасатын болады.