ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылар үздік сынып үшін жарысады
17-01-2022 09:51
Оқушылар үздік сынып үшін жарысады

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың   дарындылығын дамыту орталығы»   «Үлкен үзіліс» қалалық байқауы аясында қаланың 30 мектебі № 1, 5, 6,7, 9, 14, 16, 17, 18, 21, 23, 24, 26, 28, 29, 30, 3132, 33, 34, 35, 37, 38, 43, Кенжекөл ЖОМ, Жетекші ЖОМ, М. Әлімбаев атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, Б. Момышұлы атындағы, М. Әуезов атындағы ЖОМ қатысады. Байқау 7 кезеңнен тұрады және 2022 жылдың мамыр айында аяқталады.

Байқаудың  I кезеңіне  № 1, 5, 6, 7, 9, 14, 16, 17, 18, 21, 23, 24, 26, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 37, 38, 43, Кенжекөл ЖОМ, Жетекші ЖОМ, М. Әлімбаев атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, Б. Момышұлы атындағы, М. Әуезов атындағы мектептерден 5 - 9 сынып оқушылары қатысты. Байқау белгілі телевизиялық музыкалық-шығармашылық «Дәлме дәл» бағдарламасына пародия түрінде өткізілді. Мақсаты - оқушылардың жан-жақты шығармашылық қызығушылықтары мен қабілеттерін қолдау. Қатысушылар бұл байқауды ең жақсы деп санайды. 2-ші турға қала мектептерінің барлық оқушылары қатысты.

«Біздің мектеп елі» 2-кезеңінде  қатысушылар өз сыныбы туралы бейнепрезентация өткізді. Байқаудың мақсаты - ең ұйымшыл, шығармашылық және креативті сынып ұжымдарын анықтау. Материалдарды бағалау кезінде сыныпта жүргізілетін жұмыс түрлерінің әртүрлілігі ғана емес, сонымен қатар оқушылардың сынып қоғамдастығының жұмысына қосқан жеке үлесі, сөйлеу сценарийінің өзіндік ерекшелігі және презентацияны рәсімдеу назарға алынды. Ең  көп  ұпай жинаған № 1, 5, 7, 14, 17, 21, 23, 26, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 36, 37, 38, 43, Кенжекөл ЖОМ, Жетекші ЖОМ, М. Әлімбаев атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, Б. Момышұлы атындағы, М. Әуезов атындағы мектептер келесі турға өтті.

Ата-аналармен  бірлескен  «Ойлан! Ойла! Жаса!» байқауының 3 кезеңі қызықты өтті. Қатысушылар командада ән айтып, би билеп, түрлі тағамдар дайындады. Мақсаты - оқушылар мен ата-аналардың өзара іс-әрекетін  жандандыру. Байқау қорытындысы бойынша № 5, 17, 21, 23, 26, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 36, 37, 38, 43, Кенжекөл ЖОМ, Жетекші ЖОМ, М. Әлімбаев атындағы, Б. Момышұлы атындағы, М. Әуезов атындағы мектептер келесі кезеңге өтті. Алдағы уақытта қатысушыларды байқаудың  тағы 4 кезеңі күтеді.