ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда коммуникацияны пайдалану
18-01-2022 10:06
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда коммуникацияны пайдалану

Павлодар қаласының білім беру бөлімі № 6 ЖОМ инклюзияны қолдау кабинетімен бірлесіп ZOOM платформасы арқылы «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық қолдаудың әдістемелік негіздері және инклюзивті жалпы білім беру кеңістігіндегі педагог-ассистенттердің өзара іс-әрекеті. «PECS» коммуникацияны оқытудың балама жүйесі» қолданбалы мінез-құлықты талдау бойынша оқыту семинарын онлайн форматта өткізді. Мақсаты - «PECS» коммуникацияны оқытудың балама жүйесі» бағдарламасын зерттеу және жүзеге асыру. Семинарға № 6 ЖОМ инклюзияны қолдау кабинетінің әдіскерлері, дефектологтары, К. Мақпалеев атындағы (2), Б. Момышұлы атындағы, М. Әуезов атындағы мектептердің, қаланың № 6 (10), 7 (2), 11, 18, 33, 34, 35, 40, 43 мектептерінің педагог-ассистенттері қатысты.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Нурахметова Шолпан Саменовна «PECS» коммуникацияны оқытудың балама жүйесі» бағдарламасын жүзеге асыруда педагог-ассистенттердің қызметін ұйымдастыру және әдістемелік сүйемелдеу мәселелеріне тоқталды. Семинар қатысушыларына инклюзияны қолдау кабинетінің, психологиялық-педагогикалық қызметтің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен тәжірибелік жұмыс тәжірибесі ұсынылды.

Бейсембекова Мадина Ерсиновна «Мамандар мен ата-аналардың ABBLS-R тестілеуін қолдану бағыттары» интербелсенді презентациясын ұсынды, Мустафина Диляра Иратовна «Баланың және оның ата-аналарының қолданбалы мінез-құлықты талдауды қолдану кезіндегі негізгі құқықтары» тақырыбында сөз сөйледі, педагог-ассистент Тюлюбай Эльмира Олеговна «Білім беру ұйымында тәртіпті алмастыратын коммуникацияның балама түрлерін оқыту» мәселесіне тоқталды. Уәли Камиля Маратқызы «Қолданбалы мінез-құлықты талдауды қолдана отырып, білім беру ұйымындағы мінез-құлықты түзету ерекшеліктері», педагог-ассистент Медева Мадина Рамазановна «Баланың жеке даму бағдарламасын жасау кезінде әдеп нормаларын сақтау бойынша ұсыныстар әзірлеу», Шорохова Марина Вячеславовна «Қолданбалы мінез-құлықты талдауды технологиясы аясында білім беру процесінде ынталандыру бақылауын қолдану», Машрикова Гульшат Кудайбергеновна «Диалогтағы сенсорлық интеграция», Шакирова Динара Маратовна  «Заманауи мектептегі педагог-ассистент, баланы сүйемелдеу» тақырыбында сөз сөйледі.

Мамандар мен пән мұғалімдерінің бірлескен жұмысы, аутистік спектрі бұзылған оқушылардың қажеттіліктеріне бағалау жүргізу, қолданбалы мінез-құлық араласуларын жоспарлау, аутистік спектрі бұзылған оқушылардың үлгерімін бақылау туралы деректерді жинау және талдау мәселелері талқыланды. Тәжірибелік мысалдар ашылды. Бұдан әрі жоғары оқу орындарының ғалымдарымен баламалы және қосымша коммуникация құралдарымен ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту және әлеуметтендіру сапасын арттыру мәселелері бойынша кабинет мамандарымен ынтымақтастықты және жұмыс тәжірибесімен алмасуды жалғастыру жоспарлануда.  Семинар материалдары педагог-ассистенттердің жұмыста пайдалануы үшін қала мектептеріне жіберілді.