2022 жылдың 2 ақпаны мен 10 наурызы аралығында Павлодар қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы - 2022» байқауы өткізіледі.
Байқаудың мақсаты - мектепке дейінгі ұйым педагогының оң имиджін қалыптастыру, тиімді педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы инновациялық қызметті ынталандыру және көтермелеу. Байқау үш кезеңде өтеді.
3 - 14 ақпан аралығында I іріктеу кезеңі аясында педагогикалық позицияны қорғау өтеді, қатысушылар өздерінің педагогикалық портфолиосын ұсынады.
15 - 25 ақпан аралығында «Балалармен педагогикалық іс-шара» байқауының II кезеңі өтеді. Байқауға қатысушылар балалармен оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша практикалық тәжірибенің бейнеролигін ұсынады.
10 наурызда «Шығармашылық презентация» байқауының III кезеңінде - қатысушылар өздерінің инновациялық педагогикалық тәжірибелерін таныстыруы керек.
Байқау қорытындысы бойынша төрт жеңімпаз анықталады: гран-при, I, II, III орындар және үш номинация «Креативті педагог», «Шығармашыл педагог», «Мамандыққа адалдық».
Павлодар қаласының білім беру бөлімі