ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке дейінгі білім беру балаларына экобілім
20-01-2022 09:59
Мектепке дейінгі білім беру балаларына экобілім

Павлодар қаласының білім беру бөлімі «ЭКОМ» ҚБ-мен бірлесіп мектепке дейінгі ұйым педагогтері үшін оқыту семинарын өткізді және балабақшаларға арналған әдістемелік құрал мен экологиялық білім беру жобасы - «ЭкоСекреты»  ойын кешенімен таныстырды.

Мектепалды жастағы балаларға арналған оқу-әдістемелік кешенін  «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ қолдауымен «ЭКОМ» ҚБ құрастырған.  

Мақсаты - Павлодар облысының негізгі экологиялық заңдылықтарымен, табиғатымен танысу, ерте жастан  қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін дамыту.

Оқу құралы ойындардан құралған  жұмыс дәптері түрінде шығарылды, оның ішінде көптеген пайдалы ақпарат пен қызықты тапсырмалар бар. Әдістемелік нұсқаулықта экожүйе элементтерін және олардың арасындағы қатынасты түсінуге негіз болатын түсіндірмелер берілген. Мобильді ойын кешені педагогтерге балалардың оқу және еркін іс-әрекетінде  әр түрлі күрделіліктегі тапсырмаларды таңдап, қолдануға мүмкіндік береді.

Семинарда педагогтар облыс экожүйелерінің негізгі түрлері: орман, дала, шалғындар, өзендер, көлдер туралы білімдерін сынау мақсатында тестілеуге  қатысты.

Сондай-ақ, экожүйелер арасындағы айырмашылықтарды анықтап, «экологиялық тауашалар» ұғымын айқындады, туған өлкенің биологиялық әртүрлілігін сақтау әдістері мен тәсілдерін ұсынды.

Кешенді тестілеу қорытындысы бойынша  № 21 балабақшаның әдіскері Алтынгүл Токеновна Нығманова ең көп балл жинап, жеңімпаз атанды. Ол 7 ойын оқу-әдістемелік жиынтығын алды. Сонымен қоса № 3, 4, 8, 9, 10, 16, 24, 29, 30, 33, 38, 42, 45, 57, 96, 84, 85, 104, 112 балабақшалары да оқу-әдістемелік кешендеріне ие болады.