ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шығармашылық жұмыстары
20-01-2022 10:07
Павлодарлық оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шығармашылық жұмыстары

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2022 жылғы 17 қаңтарда «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық картасы» жобаларының қалалық конкурсын өткізді. Мақсаты-оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мүмкіндіктерін көрсету. № 16, 17, 18, 21, 25, 28, 31, 33, 34, 35, 37, Мақпалеев атындағы, Қ. Бекқожин, М. Әлімбаев атындағы мектептердің 5 - 9 сыныптарынан 27 оқушы қатысты.

Байқау шарты бойынша қатысушылар жобаны 2 секция бойынша қорғады – «Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын», «Ұлтың  басты жауы сыбайлас жемқорлық».

Байқау қорытындысы бойынша 9 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде І орын - 2, ІІ орын - 4, ІІІ орын - 3. Олар «Павлодар дарыны» орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

- Жас ерекшеліктеріне қарамастан қатысушылар осы тақырып бойынша өз көзқарастарын білдіре алды. Болашақта олар  өз жобаларымен шығармашылық жұмысын жалғастыра, - дейді орталықтың педагог-ұйымдастырушысы   Абенова   Айнагүл   Арабдановна.

І орынға  9 сынып оқушылары «Ұлттың басты жауы - сыбайлас жемқорлық» жобасы үшін Бақтыкереев Елұстар (№ 2 ЖОМ), «Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын» жобасы үшін - Әбен Еділ (№ 35 ЖОМ) ие болды. Елұстар өзінің жобасында құқық бұзушылық жасаған кезде қандай салдарлар туындауы мүмкін, сыбайлас жемқорлық  қауіптерін  жою әдістерін  көрсете алды. Еділ кәмелетке толмағандардың сыбайлас жемқорлыққа тартылуына қарсы мысалдар келтірді.

ІІ орын «Парақорлықтың алдын алу» жобасы үшін Қ. Бекхожин  атындағы мектептің 6 сынып оқушысы Хасеин Нұрхан, «Сыбайлас жемқорлық  және онымен күресу әдістері» жобасы үшін - № 34 ЖОМ 9 сынып оқушысы, Арманұлы Қасым, «Сыбайлас жемқорлықты қалай жеңуге болады?» - № 16 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Кремер Милана,  № 17 ЖОМ 9 сынып оқушысы  Кейлер Алена иеленді.

ІІІ орынды «Сот жүйесінің жетілмегендігі» жобасы үшін  Қ. Бекқожин атындағы  мектептің  6 сынып оқушысы Оразбаева  Дильназ, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» жобасы үшін - № 31 НОМ 8 сынып оқушысы Канциндон Милена, «Жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру» жобасы үшін - № 37 ЖОМ 7 сынып оқушысы Бекежан Әдия иеленді.