ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас суретшілердің Қазақстан даласының ұлылығы туралы суреттері
21-01-2022 11:47
Жас суретшілердің Қазақстан даласының ұлылығы туралы суреттері

«Ұлы дала аңыздары» атты балалар суреттерінің республикалық байқауына Павлодар қаласының көркемсурет мектебінің 25 оқушысы қатысты. Сайыс Шымкент қаласында 2021 жылдың желтоқсан айында онлайн режимде өтті. 3 жас санаты бойынша өткен байқауға 7 - 17 жас аралығындағы балалар қатысты.

Байқаудың шарты бойынша қатысушылар: «Менің елім - менің әлемім», «Тәуелсіздік - ата-бабаларымыздың ұлы арманы», «Лиро-эпостық жырлар бойынша композиция», «Халық ертегілері бойынша композиция», «Қазақ халқының аңыздары мен әңгімелері бойынша композиция» номинациялары бойынша фото жұмыстарын ұсынды. Мақсаты - отансүйгіштікке, төзімділікке және жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар мектебінің 6 оқушысы жүлделі орындарға ие болды. Байқауда I орынды аралас техникада орындалған «Уақыт тоғысуы» жұмысы үшін Индира Нургалиева, 13 жаста (ұстазы Светлана Евгеньевна Рейн), аралас техникада орындалған «Жандану» жұмысы үшін Эвелина Сивак, 13 жаста (ұстазы Анна Валерьевна Аткина) иеленді.

II орынды Айяжан Айтпаева мен Ярослава Стрелова, 13 жаста, гель қаламдарымен орындаған «Бесік жыры» және «Қобыланды батыр» жұмыстары үшін алды (ұстазы Наталия Владимировна Решетова).

III орынды түрлі - түсті қарындаштармен «Туған өлке» жұмысы үшін Игнатий Измайлов,  13 жаста (ұстазы Светлана Евгеньевна Рейн), гуашьпен орындалған «Балқаш көлі туралы аңыз» жұмысы үшін Адина Хайдарова, 17 жаста (ұстазы Шамиль Ракымбекович Шушаев) алды.

- Бұл оқушылардың барлығы өте талантты және еңбекқор, 4 жастан бастап көркемсурет мектебінде оқиды, түрлі байқаулардың бірнеше реттік жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Сонымен, Эвелина Сивак 2019 жылы Алматыда өткен «Балалар әлемді бейнелейді.Орталық Азия» халықаралық байқауының, Стрелова Ярослава 2019 жылы Ханты-Мансийск қаласындағы «Қызыл кітап балалар көзімен» республикалық байқауының, 2020 жылы Алматы қаласындағы «Балалар әлемді бейнелейді» Республикалық байқауының лауреаты атанды, - дейді мектеп ұстазы Анна Валерьевна Аткина.