ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас мамандармен кездесу
21-01-2022 20:24
Жас мамандармен кездесу

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Самал Оспанқызы Айтқазина 2021 - 2022 оқу жылына келген жас мамандармен кездесуі 21 қаңтар күні ZOOM платформасында онлайн режимінде өтті. Мақсат - жас мамандардың бастамаларына қолдау көрсету, олардың пікірлері мен ұсыныстарын зерделеу.

Кездесу онлайн түрде 100-ден астам жас мамандардың қатысуымен өтті. Диалогтық алаң аясында қатысушылар білім беру ұйымдарында 181 жас маманға тәлімгерлік және бейімдеу, оқу үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу бойынша шығармашылық жобалар жасау, кәсіби байқауларға қатысу, пікірсайыс құру мәселелерін қозғады, мектеп түлектерінің мұғалім мамандығын таңдауы бойынша «Ертең балаларды кім оқытады» жобалары, қала мектептерінің сабақтарына өзара баруды ұйымдастыру.

Өз сөздерінде жас мамандар өздерінің алғашқы кәсіби жұмыс тәжірибелерімен бөлісті, проблемаларды айтты, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды, өз ұсыныстарын айтты.

Әлеуметтік жоба бойынша жас мамандар қауымдастығын құру - экология, туризм, дебаттық, еріктілер қозғалысы, - деп ұсынды № 34 ЖОМ биология пәнінің мұғалімі Әсел Қазыбекқызы Бейсекеева.

Ксения Анатольевна Огаркова, № 18 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі және Елена Федоровна Котова, М.Әуезов атындағы мектептің ағылшын тілі мұғалімі педагогикалық мекемелердің түлектерін тәжірибе өткізу бойынша сапалы дайындау қажеттілігі туралы мәселені көтерді. № 26 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Альбина Айтуарқызы Рашитова инклюзивті сыныптарда балаларды оқыту мәселесін қозғады.

Шығармашылық байқауларға қатысу - кез - келген педагогтің өзін-өзі жетілдіруінің негізі, - деп Б.Момышұлы атындағы мектептің музыка пәнінің мұғалімі Мөлдір Олжасқызы Майбас және № 31 ЖОМ мұғалімі Смағұл Темірбай болашақ жоспарларымен бөлісті.

Диалог алаңында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы бүгінгі таңда жастар үшін табысты шығармашылық жұмыс пен кәсіби өсу үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті, жұмысты одан әрі жетілдіру, магистратурада оқуды жалғастыру бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Мектептерде олармен тәжірибелі және шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер қатарынан Тәлімгерлер жұмыс істейді. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, соның ішінде тұрғын үймен қамтамасыз ету, коммуналдық қызметтерді төлеуге жеңілдіктердің болуы.