Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Кәсіптік бағдар беру - табысты болашаққа маңызды қадам
27-01-2022 09:30
Кәсіптік бағдар беру - табысты болашаққа маңызды қадам

Қазіргі уақытта заманауи білім беру кеңістігінде өскелең ұрпақты кәсіби бағдарлау мәселесі өте өзекті болып отыр. Қоғам дамуының қазіргі заманғы тенденциялары, еңбек нарығының динамикасы мен технологиялық прогресс заманауи адамға қойылатын талаптарға айтарлықтай әсер етеді. Мемлекеттің дарынды, шығармашыл жастарға сұранысы жастардың ерте кәсіби және тұлғалық өзін-өзі анықтау қажеттілігін анықтайды.

Мектепте кәсіптік бағдар беруді ұйымдастырудың негізгі мақсаттары оқушылардың кәсіби қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтауға, белгілі бір мамандықты игерудің нақты мүмкіндіктерін анықтауға, кәсіби өзін-өзі анықтауда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге, қоғамда табысты әлеуметтенуге жағдай жасауға бағытталған.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Оқу-өндірістік комбинатында кәсіптік бағдар беру барлық оқу-тәрбие процесінің ажырамас бөлігі болып табылады, ол төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады: кәсіби білім беру және ақпарат, кәсіби диагностика, кәсіби кеңес беру, кәсіби тәрбие және білім беру. Қазіргі уақытта мұнда қаланың 29 жалпы білім беретін мектебі мен 2 облыстық мектептің, № 7 арнайы мектеп-интернаты, № 1 арнайы балабақша - мектеп-интернат кешені, 2200-ге жуық оқушысы білім алуда, оның ішінде 8 сынып - 615 оқушы, 9 сынып - 470, 10 сынып - 464, 11 сынып - 609 оқушы. 560-тан астам жоғары сынып оқушылары кәсіпкерлік және бизнес негіздері, 95 - графика және жобалау, 400-ге жуық «В санатындағы көлік құралдарының жүргізушісі», 429 оқушы кіші медбике-массажшы, 311 - маркетинг бойынша менеджері, 269 - графикалық дизайн, 145 - педагог-психолог мамандығын таңдады және бір топ - кеңсе-менеджері, киім дизайнері, тігін ісі.

Биыл оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейін 9 - 11 сыныптардың 550-ден астам оқушысы оқу бейіндері бойынша біліктілік куәліктерін алады. VR-сыныпта көлік тренажерлерде және оқу көлігін жүргізіп жүру теориясы мен практикасын меңгерген және мамандандырылған ХҚКО-да емтиханды сәтті тапсырғаннан кейін «В санатындағы көлік құралдарының жүргізушісі» курсының 400-ге жуық түлегі жүргізуші куәлігін алады.

Кәсіби өзін-өзі анықтау бойынша көмек көрсету мақсатында ОӨК-да кәсіби бағдар беру кабинеті жұмыс істейді. Оқу жылының басында 8 - 11 сыныптардағы 784 оқушысына сауалнама жүргізілді, сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардың тізімі жасалып кәсіби өзін-өзі анықтау үшін жеке консультациялар, тереңдетілген диагностика, тренингтер өткізілуде. Қала мектептерінің оқушыларымен мамандықтар айлығы аясында бейіндік апталықтар, мамандықтар бойынша кәсіптік бағдар беру викториналары, «Өзіңді тексер» акциясы, «Кәсіби гид», «Кәсіби мерекелер», «Мамандықтар мен оқу орындары бойынша гид», «Мамандықтарға қажеттілік туралы», «Мамандық таңдау бойынша психологтың ұсыныстары» ақпараттық алаңдары өткізіледі, кітап көрмелері, мамандықтар туралы бейне алаңдар ұйымдастырылады. Еңбекке деген құрметті тәрбиелеу, қаланың мамандықтарымен таныстыру мақсатында «Павлодардың мамандықтары тұлғаларда», «Менің отбасымның мамандықтары», «Осындай мамандық бар», «Фотосуреттегі мамандық» жобалары жүзеге асырылуда. Биылғы жылы Қазақстанның жаңа мамандықтары мен құзыреттерінің атласын пайдалана отырып, «Болашаққа көзқарас - жаңа мамандықтар атласы» атты жаңа жоба басталды. Облыс атласына еңбек нарығының сұранысы мен жұмыс берушілердің сұранысы ескерілген 40 жаңа мамандық енгізілген. Әртүрлі мамандықтағы мамандардың кәсіби қызметімен танысу мақсатында, комбинат қаланың 23 кәсіпорны және ұйымымен ынтымақтасады, 25 колледж және жоғары оқу орындарымен бірлескен жұмыс жоспарлары мен шарттары жасалы.

Оқу комбинаты жағдайында оқушылардың кәсіптік оқыту бағдарламаларының практикалық бағыттылығын қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық және бағдарламалық-әдістемелік базасы, әртүрлі салаларда тәжірибесі мол педагог кадрлары бар. Осының барлығы оқушыларда тұлғаның жеке ерекшеліктеріне және қоғамның кадрларға деген сұранысына сәйкес кәсіби өзін-өзі анықтаудың табысты қалыптасуына ықпал етеді, - деп атап өтті директордың орынбасары Новосёлова Светлана Леонидовна.