ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Абіш оқулары» туралы
31-01-2022 09:10

23 ақпан күні сағат 10.00-де Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны»бос уақытты  қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығы қашықтықтан Әбішев оқуларының қалалық кезеңін өткізеді. Мақсаты – Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығын оқушылар арасында насихаттау, оқушылардың шығармашылық және эстетикалық қабілеттерін дамыту, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, ұлттық сана-сезімге және Ана тілі мен әдебиетіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Конкурс шарттары бойынша оқыту тіліне қарамастан, қаланың жалпыбілім беретін мектептерінің 8 - 11 сыныптың 8 оқушысы  қатыса алады. Байқау 4 номинация бойынша өткізіледі: «Жазушының шығармашылығына иллюстрациялар» атты еңбегінде жазушының шығармашылығына 3 сурет жіберу керек - мәнерлеп жаткқа оқу. Соған байланысты, олардың жатқа білетін өлеңдерін қазылар алқасы Ә.Кекілбаевтың 1 прозасы мен 1 өлеңін бағалайды. Зерттеу жобалары, жобаны қорғау, «Сахналық қойылым» ақын  шығармасы бойынша бейнеролик түсіру.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломдарымен марапатталады. Номинация бойынша жеңімпаздар оқудың облыстық кезеңіне қатысады. Анықтама телефоны 62 - 72 - 09.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі