ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық пікір-сайыс турнирі туралы
08-02-2022 17:24

2022 жылғы 19 ақпанда  сағат  9. 00-де  Павлодар қаласының  М.Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде  (П. Васильев көшесі, 17/2) Қазақстандағы балалар жылы аясында «Балалар - ел болашағы» - «Дети - будущее страны» қалалық дебат турнирі өтеді.

Турнир 9 - 11 сынып оқушыларының қатысуымен өтеді. Мақсаты - елдегі өзекті мәселелерді талдау және талқылау  арқылы азаматтық ұстанымды қалыптастыру, шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін қолдау.

Турнир дәстүрлі форматта мемлекеттік тілде екі кезеңде - іріктеу және қорытынды кезеңде өткізіледі.

Мектеп 2 оқушыдан тұратын 1 команданы және команданың жетекші-жаттықтырушысын ұсынады.

Жүлделі орындарға ие болған командалар «Ақ жол» демократиялық партиясының естелік сыйлықтарымен марапатталады, барлық қатысушылар Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту  және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарына ие болады.

                                                          

 Павлодар қаласының білім беру бөлімі