Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Павлодар мектептерінің пікірсайыс құрама командасы республикада өнер көрсетеді
09-02-2022 09:02
Павлодар мектептерінің пікірсайыс құрама командасы республикада өнер көрсетеді

«Ұшқын ой алаңы» республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңіне облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 8 - 11 сынып оқушылары 37 команда, аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары, соның ішінде № 16 мектеп-лицейінің  «Кристалл» командасы, Павлодар қаласының № 19, 25 мектеп оқушыларының «Жаңа көзқарас» құрама командасы қатысты. Турнир 2022 жылғы 1 - 3 ақпанда онлайн форматта М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында өтті. Турнирдің мақсаты - шешендік өнер дағдыларын қалыптастыру, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын, дебаттық қозғалысты дамыту.

Турнир американдық парламенттік формат бойынша өтті. Төрешілер алқасына тәжірибелі дебатерлер кірді, басты төрешілер Павлодар педагогикалық университетінің «Ақиқат», «Veritas» дебат клубтарының төрағалары болды.

«Үздік шешен», «Үздік талдаушы» атағына іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша финалға облыстың 4 командасы, оның ішінде Павлодар қаласының «Жаңа көзқарас» құрама командасы өтті. Финалдық турнирдің қорытындысы бойынша павлодарлық «Жаңа көзқарас» командасы I орынға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге облыстық білім басқармасының дипломдары, барлық турнир қатысушыларына сертификаттар табысталды.

«Ұшқыр ой алаңы» республикалық пікірсайыс турнирінде Павлодар облысынан 3 пікірсайыс командасы, облыстық кезеңнің жеңімпаздары, оның ішінде «Жаңа көзқарас» командасы қатысатын болады.