2022 жылғы 14 - 19 ақпан аралығында № 37 ЖОМ (Ворушин көшесі 6/2) сағат 10.00-ден бастап сағат 18.00-ге дейін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтеді. Олимпиаданың мақсаты-шығармашылық қабілеттерін, практикалық дағдыларын қолдау, өзін-өзі жүзеге асыруға жәрдемдесу, халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындық.
Олимпиаданың қалалық кезеңіне Павлодар қаласының 42 жалпы білім беретін мектептерінен 9 - 11 сыныптардың 714 оқушысы қатысады.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Олимпиада 2 кезеңде 2 бағыт бойынша өткізіледі жаратылыстану-математикалық (математика, информатика, физика, химия, биология, география) және қоғамдық - гуманитарлық (қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, өзін-өзі тану).
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады,I орын алған оқушылар 28 ақпаннан 3 наурызға дейін олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі