ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар жүргізуші рөлінде бақ сынасты
11-02-2022 09:12
Павлодарлық оқушылар жүргізуші рөлінде бақ сынасты

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығында жүргізушілер мектебін құру мақсатында 2022 жылғы 8 ақпанда «Жүргізуші» конкурсының қалалық іріктеу туры өткізілді. Байқауға онлайн режимінде қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 8 - 10 сыныптарынан 53 оқушы қатысты.

Байқау шарты бойынша қатысушылар өздері туралы визитка - презентация және «Мен - жүргізушімін» бейнематериалын ұсынды.

Қатысушыларды іріктеу кезінде сөз сөйлеу мазмұнына, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, ұжымның көңіл-күйін басқаруға, ым-ишара мен мимикалық қимылдарды дұрыс қолдануға көңіл бөлінді. Бейнероликтерді дайындауға шығармашылық тұрғыдан қарастырды, мерекелік іс-шараларды өткізу бойынша материалдарды ұсынды, түрлі мәдени іс-шараларды өткізудегі жүргізушілердің рөлі туралы көрсетуге тырысты.

Байқаудың іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша «Павлодар дарыны» орталығының жүргізуші мектебіне № 6, 7, 14, 17, 19, (2), 25 (2), 30, 35, 37 (2), 40, 41,  К. Бекхожин атындағы,  Б. Момышұлы атындағы, Кенжекөл ЖОМ (2), № 32 НОМ 19 оқушы қабылданды.

Үйірме жұмысында Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрының кәсіби актері Тұрлыбек Нұркен Қанатбекұлымен бірлесіп риторика, психология, мимика, ым-ишара, актерлік шеберлік бойынша сабақтар өткізу жоспарлануда.