Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Бастауыш сынып жетекшілерінің қалалық қауымдастығы құрылды
18-02-2022 10:56
Бастауыш сынып жетекшілерінің қалалық қауымдастығы құрылды

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2022 жылдың 17 ақпанында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып жетекшілері қауымдастығының бірінші отырысын өткізді. Қауымдастықты құрудың мақсаты бастауыш сынып жетекшілеріне сынып іс-шараларын өткізуде, оқушылардың пәндер бойынша шығармашылық жобаларға, қосымша білім беру бағыттары бойынша бос уақытын қамту, өмірде қиын жағдайға тап болған оқушылармен жұмыс істеуге әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

Іс-шара сындарлы диалог форматында өткізілді. Сынып жетекшілерінің ата-аналармен жұмысы, инклюзивті білім беруді одан әрі жетілдіру, өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды анықтау және оларға көмек көрсету туралы мәселелер қаралып, ұсыныстар айтылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. Алдағы уақытта 5 - 9, 10 - 11 сынып жетекшілерінің қалалық қауымдастығын құру жоспарлануда.