Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ақпараттық хат 2022
01-03-2022 16:02

«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МҰРАСЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІ»

атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Құрметті әріптестер!

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі сіздерді  2022 жылғы 7-сәуірде өтетін А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы: қазақ тілі және заманауи білім беру үдерісі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.

Конференцияның мақсаты– көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, ғалым-лингвист А.Байтұрсынұлының өмірі мен қызметін үлгі ете отырып, қазақстандық жастардың ұлттық сана-сезімі мен патриотизмін, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Конференцияға ЖОО ғалымдары, облыстық, қалалық/ аудандық әдістемелік орталықтардың/кабинеттердің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп, мектепке дейінгі  ұйым, қосымша білім беру мекемелерінің педагогтері шақырылады.

Қатысу тілі:қазақ, орыс, ағылшын.

Қатысудың форматы– аралас (онлайн/оффлайн).

          Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  1. Алаштың ардақтысы – Ахмет Байтұрсынұлы.
  2. Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінің бүгінгі қазақ тілін оқытудағы маңызы.
  3. Білім берудегі озық технологиялар мен заманауи үрдістер.

 

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылардың мақалалар электрондық жинағын шығару жоспарлануда. Материалдарды жариялау – тегін. Бір қатысушы тек бір мақаланы жариялай алады.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу үшін өтінімді толтырып, баяндаманың электрондық нұсқасын mkpvl411@mail.ru электрондық поштасына 2022 жылғы 24 наурызына дейін кешіктірмей жіберу қажет.

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе рәсімдеу талаптарына сәйкес келмейтін мақаланы, баяндаманы қабылдамауға құқылы.

 

Баяндаманы рәсімдеу кезінде авторлардан келесі ережелерді басшылыққа алуын сұраймыз.

1)Microsoft Word мәтіндік редакторында терілген баяндама мәтіні 5 бетке дейін, Times New Roman қарпі, қаріп өлшемі 14, азат жол – 1,0 см; жоларалық интервал – 1,0. Өрістер:  жоғарғы – 2,0мм, төменгі– 2,0мм, оң– 2,0мм, сол– 3,0мм.

2) Баяндамалар  электронды  нұсқада қабылданады.Файлдың атауында автордың тегі мен аты-жөнін және «мақала» немесе «өтініш» екенін көрсету қажет (мысалы: Асқарова Н.Ж. мақала; Асқарова Н.Ж. өтініш).

3) Беттің жоғарғы бөлігінде жартылай қалың қаріппен орта тұсына баяндаманың атауы, оның астында бос орын арқылы жартылай қалың қаріппен, кіші әріптермен – аты мен әкесінің атының бас әріптері, тегі, жұмыс орны көрсетіледі. Содан кейін бос орын арқылы баяндама мәтіні басылады.

4) Мәтінде шаршы жақшада пайдаланылған әдебиетке сілтемелер басылады, әдебиеттер тізімі мақаланың соңында басылады.

Рәсімдеу талаптарына сәйкес келмейтін және ұйымдастыру комитетіне белгіленген мерзімнен кеш ұсынылған мақалалар конференция материалдарына енгізілмейді.

 

Конференция сұрақтары бойынша:

Тайболатов Қуандық Момынғазыұлы, Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдіскері, 87055949582.

Алибаева Зарина Сериковна, Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдіскері, 87772853567.

Рахимжанова Кундыз Муратхановна, Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдіскері, 87053263373.

 

Рәсімдеу үлгісі:

 

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ «ТІЛ ҚҰРАЛЫ» ЕҢБЕГІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘНІ

 

Асқарова Н. Ж.

Павлодар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Askarova@mail.ru

 

Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін ...

 

Әдебиеттер:

  1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы : қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері / А. Байтұрсынов. – Алматы : Ана тілі, 1992. – 444 б.
  2. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. – 3-т. Тіл – құралы – Алматы: «Алаш», 2005. – 352 б.

 

 

Қатысуға өтінім

 

Аты-жөні(толық)

 

 

Жоғары оқу орнының атауы

 

Қала, мемлекет

 

 

Байланыстелефондары

 

 

Электронды пошта

 

 

Баяндама атауы