Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау бойынша жұмыс тәжірибесі
02-03-2022 08:37
Оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау бойынша жұмыс тәжірибесі

9, 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау бойынша жұмыс шеңберінде Павлодар қаласының білім беру бөлімі қазақ тілінде оқытатын мектептердің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған семинар өткізілді.

Семинарда Б. Момышұлы атындағы мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Мұғалімдер пандемия жағдайында зерттелмеген тақырыптарды зерделеу, өткен тақырыптарды қайталау, олқылықтардың орнын толтыру бойынша өздерінің жинақталған жұмыс тәжірибелерімен таныстырды.

Мұғалімдер Кидралинова Бибигүл Қапарқызы, Мұқашева Бибигүл Сьездқызы, Алинова Сауле Қайырқызы, Жүсіпбаева Назгүл Қанатқызы мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауына арналған «Орыс тілі (қазақ тілінде оқыту) бойынша тест спецификациясы» және «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша қорытынды аттестаттаудың спецификациясы» (9 сынып) сұрақтарына тоқталды. Қорытынды аттестаттауға және қайталауға дайындық кезінде мұғалімдер жұмыс парақтарын, анықтамалық жазбаларды пайдаланады, интернет-ресурстармен жұмыс істейді, оқушыларға олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмыс алгоритмін құруға, қорытынды аттестаттау спецификациясы бойынша тапсырмалар құрастырады, оларды сабақтарда және үй тапсырмалары арқылы пысықтайды.

Семинарда спикерлер білім алушыларға үлкен қиындық тудыратын оқу бағдарламасында белгіленген тақырыптар бойынша жұмыс істеу бойынша нақты ұсыныстар, кеңестер берді.