Педагог-шеберге үміткер педагогтердің ғылыми-әдістемелік жұмыстарын дайындау шеңберінде 1 наурызда «Авторлық бағдарламаларды, оқу-әдістемелік құралдарды дайындау технологиясы» семинар-практикумы өткізілді. Семинар-практикумның мақсаты әдістемелік көмек көрсету.
Семинардың модераторы Тайболатов Қуандық Момынғазыұлы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері, бөлімнің әдістемелік кабинеті сараптамалық кеңесінің авторлық бағдарламаларды дайындау құрылымы, ғылыми-әдістемелік жұмыстар мәселелері бойынша ережесінің негізгі талаптары туралы түсініктеме берді. Рецензиялаудың талап етілетін критерийлері, ғылыми-зерттеу жұмыстарын енгізу актілері туралы түсінік берді.
Семинарға жалпы білім беретін мектептердің, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың педагогтері қатысты. Трансляция ZOOM платформасында, Youtube арнасында жүргізілді. Семинар-практикумның тәжірибеде қолдануға арналған материалдары электронды-әдістемелік дайджесте орналастырылған және қаланың білім беру ұйымдарына жіберілді.