ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Елбасы Медалінің иегерлері
04-03-2022 08:10
Елбасы Медалінің иегерлері

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығында  Елбасының бақылауымен  іске асырылатын талантты және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу жөніндегі бірегей жоба - «Елбасы медалімен» күміс және қола жүлдегерлер мен жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті. Жоба 14 - 29 жас аралығындағы жастарды тәрбиелеуге бағытталған және 7 бағыт бойынша даму бағдарламасын қарастырады: спорт, талант және дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, саяхат және жорықтар, жұмыс тәжірибесі.

Марапаттау рәсімінде қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 9 оқушысы медаль алды. 6 ай бойы олар жеті бағыт бойынша тапсырмаларды орындады, өз білімдері мен дағдыларын жетілдірді. Спортпен шұғылдануда, өнерге баулуда, мұраны дәріптеуде, қайырымдылық жасауда және кітап оқуда үздік нәтижелер көрсетті.

№ 19 ЖОМ 11 сынып оқушысы Ерсинова Айсан күміс медальмен марапатталды.

№ 7 ЖОМ 11 сынып оқушысы Ещанова Аружан, № 20 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Жунусова Аима, № 21 ЖОМ 10 сынып оқушысы Хамитова Карина, № 24 ЖОМ 11 сынып оқушысы Рамазанов Асылхан, № 25 ЖОМ 11 сынып оқушысы Мұрат Оразалы, № 25 ЖОМ 9 сынып оқушысы Социал Гауһар, Кенжекөл мектебінің 11 сынып оқушылары Мейрам Нарқыз, Хусайын Ақбота қола медальмен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Елбасы медалімен № 5, 14,16 (3), 17, 20 (4), 24, 25 (2), 26, 27(2), 28 (2), 29, 34,38, 39(2), 40, 43 (2), Кенжекөл, Қ. Бекхожин атындағы (2), Б. Момышұлы (4), М. Әуезов атындағы мектептің 34 оқушысы марапатталған болатын.