Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Мектептегі дене шынықтыруды дамыту бойынша жобалық қызмет
04-03-2022 08:14
Мектептегі дене шынықтыруды дамыту бойынша жобалық қызмет

Павлодар қаласының білім беру бөлімі М.Әлімбаев атындағы мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жобалық қызметті ұйымдастыру» қалалық семинарын өткізді. Мақсаты - дене шынықтыру және спорт бойынша жобаларды құру және іске асыруда әдістемелік көмек көрсету. Қаланың жалпы білім беретін мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдері қатысты.

Семинарда дене шынықтыру жобаларын ұйымдастыру және іске асыру мәселелері талқыланды, жобаларды құруда практикалық дағдылар алынды. М. Әлімбаев атындағы мектептің дене шынықтыру мұғалімдері мектепте жобалық қызметті ұйымдастыру бойынша жұмыстарды ұсынды. Динара Ақсанқызы Нұрғалиева «Ойнайтын ұлт - дені сау ұлт» жобасын таныстырды.

Семинарға қатысушылармен «Павлодар облысында гандболды дамыту» жобасын құру бойынша практикалық жұмыс жүргізілді. Топтар бойынша - жобаның паспортын, жобаны іске асыру бойынша ұсынылатын іс - шаралар жоспарын, жоба туралы жарнаманы әзірлеу, жобаның SWOT-талдауын жасау бойынша жұмыс жүргізілді.

Семинар қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар, құралдар, басшылыққа арналған нормативтік-құқықтық құжаттар тізбесі берілді.