ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын көрсетті
04-03-2022 08:42
Павлодарлық оқушылар Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын көрсетті

     Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту  орталығымен  2022 жылғы 24 ақпанда 8 - 11 сынып оқушылары арасында «Әбіш оқулары» - «Абишевские чтения» байқауы өткізілді. Мақсаты - оқушылардың шығармашылық және эстетикалық қабілеттерін дамыту, патриотизмге тәрбиелеу, классикалық әдебиетті оқу. Байқауға қаланың 21 жалпы білім беретін № 2, 6, 7, 11, 17, 18, 20, 21, 23, 24, 25, 27, 28, 29, 32, 33, 35, 37, М. Әлімбаев атындағы, Б. Момышұлы атындағы, М. Әуезов атындағы мектептің 156 оқушысы белгілі мемлекет қайраткері және жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығын төрт номинация бойынша ұсынды.

         «Иллюстрация» номинациясына 23 оқушы қатысты. І орынды № 37 ЖОМ 11 сынып оқушысы Шакиева Меруерт иеленді. Ол «Арғымақ» шығармасына үш сурет көрсетті.

         «Мәнерлеп оқу» номинациясына 16 оқушы қатысты. I орынды № 35 ЖОМ 9 сынып оқушысы Жунусова Сабина иеленді.

        Сабина «Арман» прозасынан үзінді оқыды. «Зерттеу жұмысы» номинациясы бойынша 20 қатысушының ішінен № 35 ЖОМ 9 сынып оқушысы Бейсенова Аяжан І орын алды. Ол қазақ халқы бастан кешкен қиын кезеңдер туралы нақты тарихи фактілерге сілтеме жасай отырып, «Үркер» романы бойынша жобаны таныстырды, Қазақстанның Ресейге қосылуының табиғи заңдылығын шынайы көрсетті.

      Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша «Сахналық қойылым» номинациясында 19 бейнеролик ұсынылды. І орынды «Көлденең көк атты» әңгімесі бойынша сахналық қойылым көрсеткен № 21 ЖОМ командасы алды. Қатысушылар шешендік өнерді, әртістілікті, импровизацияны көрсете алды.

       - Байқау қорытындысы бойынша 70 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орынды 8 оқушы, II орынды - 26, III орынды - 36 оқушы алды.

    Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Павлодар дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Байқау жеңімпаздары наурыз айында облыстық оқуларға қатысады, - дейді орталықтың әдіскері Назигүл Базарқызы Қайырқанова.