kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2165367
Бір айда143108
Бір аптада33217
Кеше5967
Тәулік230
Жаманбалинов оқулары туралы
10-03-2022 11:02

М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында (Малайсары көшесі 2) 2022 жылдың 16 наурызында сағат 14.00-де «Жаманбалинов оқулары» қалалық байқауының финалдық туры өтеді. Байқаудың мақсаты - оқушылар арасында М. К. Жаманбалиновтың шығармашылығын насихаттау, шығармашылық және эстетикалық қабілеттерін дамыту, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, ұлттық сана-сезімге тәрбиелеу және  ана тілі мен әдебиетін білуге баулу.

Қалалық оқуларға жалпы білім беретін мектептердің 1 - 4 сынып оқушылары, мектепішілік көркем оқулардың жеңімпазы (бір қатысушы) қатыса алады.

        Байқау үш кезеңнен тұрады - «Табиғат сабағы» - қатысушылар ақынның табиғат,  жыл мезгілдері, жануарлар немесе құстар туралы өлеңін оқиды, «Ертегілер елінде» - оқушылар ақынның бір өлеңінің немесе ертегілерінің желісі бойынша шағын көрініс дайындауы керек, «Балалар жүрегі бар ақын» - қатысушылар М. Жаманбалиновтың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап береді.

         Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі